RU

ОҚО-да екі курстас бір әйелді өлтіріп, кейін өртеп жіберген

ОҚО-ның қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іске нүкте қойылды деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Осы жылы көктем айында Кентаудағы қоқыс тастайтын жердің артынан өртелеген әйелдің мәйіті табылған болатын. Кейін осы оқиғаға қатысы бар делінген екі күдікті ұсталған. Енді сол екі азамат Нияз Мырзабаев пен Тұрсын Нұрмұхамедов сот алдына келді.

Тергеу мәліметінше, 52 жастағы қызылордалық Нияз Мырзабаев осы жылдың наурыз айында Кентаудағы досы Тұрсын Нұрмұхамедовке келеді. Екі курстас кездескендерін атап өту үшін пәтер жалдап, ол жерге Әбішева есімді әйелді де шақырған.

Сотта дәлелденгендей екі азамат белгісіз себеппен әйелді өлтіріп, ал кейін оның денесін Кентаудағы қоқыс тастайтын жердің артында өртеп жіберген. Ал марқұмның туыстары әйелдің із-түзсіз жоғалып кеткені жайлы хабарлама берген. Әйелдің мәйіті 2 айдан кейін табылып, күдіктілер ұсталды.

Сот алдына келген күдіктілер кәнісін мойындамаса да, судья оларға қатаң жаза тағайындады.

"Нияз Мырзабаев пен Тұрсын Нұрмұхамедов Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 7-тармағы бойынша 16 жылға дейін бас бостандығынан айырылсын. Жазаларын қатаң тәртіптегі колонияда өтесін", - деп үкім шығарды судья Самиддин Темірәлиев.

Сотталушылар үкімге шағым түсіре алады.

Тағы оқыңыздар:

Шөкеев қандай ұлттық компаниялардың сатылатынын ашып айтты

Қазақстанда тағы бір жаңа министрлік құрылуы мүмкін

Желі қолданушысы орысша сөйлейтін қазақтарды "шалаорыс" деп атауды ұсынды

Назарбаев отандық аяқ киімімен мақтанды

Үйіне жаңа түскен келініне өзі сәлем салған ене көпшілікті елжіретті (фото)

Қарағандының намысын қорғайтын бойжеткен ауруханадан бір-ақ шықты

Сүйіктісінен арзан неке жүзігін алған бойжеткен желіде жұлдыз болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1339569-oqo-da-birge-oqyghan-eki-er-adam-bir-ayel.html