RU

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр

Астанада 48 жастағы әйел үстіне бензин құйып, тапа-тал түсте Бас прокуратура алдында өзін өртеп жіберді. Майра Рысманова есімді келіншектің мұндай қадамға баруына есірткі саудасы үшін сотталған ұлы себеп болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Оның ақтығына шүбәсіз сенген ана, әр бастықтың есігін қағып, әділдік таппадым деп ашыныпты. Бас прокурордың назарын аудару үшін Шу қаласынан келіп, өзін өртеген әйел қазір хал үстінде жатыр.

Майра Рысманова есімді келіншек былтыр Шу қаласында шу шығарып жүрген. 48 жастағы әйел сол кезде жергілікті полицейлер жас жігіттерді бопсалап, жазықсыз түрмеге қамап жатыр деп айыптаған. 28 жастағы ұлының да осылай тәртіп сақшыларының құрбаны болғанын айтты.

"Үмбеталиев Мұрат баламды қамап тастады. Біреуге куәгер болмадың деп қамады. Көлік жөндеу орталығынан шығып келе жатқанда, екі көлікпен 10-15 полицей қоршап көлігіне анаша, қалтасына героин салған", - деп күйінген еді Майра Рысманова.

Десе де, Майраның ұлымды ақтап аламын деген әрекетінен түк шықпапты. Сөйтіп, былтыр маусымда баласы ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 4 жарым жылға сотталып кеткен.

Содан бері құзырлы орындардың табалдырығын тоздырып, әділдік іздеген ана, бүгін ақыры оқыс қадамға барды. Бас прокуратураның бақылау өткізу пунктінде сырты киімін шешіп, үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.

"Аяқ астынан болған жағдай. Өйткені, сырттан кірген кезде оның ондай жағдайға баратынын, өзін өртеп жіберетінін ешкім білмеген. Табан астында бәрі. Шешініп жатқанда үлгермеген болуы керек", - дейді Бас прокуратурасының басқарма прокуроры Нұржан Серікбаев.

Өзін өртеген әйел дереу қаладағы 1-ші ауруханаға жеткізілген. Бірақ денесіңнің сау тамтығы қалмай күйгендіктен, өмір мен өлім арасында жатыр.

Ал, Бас прокуратура өзін өртеген Майра Рысманованың ұлына қатысты істі Шу қаласындағы әріптестерінен сұратып үлгерген. Сөйтіп, есірткі сақтаған үшін сотталған жігіттің қылмыстық ісі бір апта ішінде Астанаға жеткізілуі тиіс. Оны прокурорлар үтір нүктесіне дейін қайта қарап шықпақшы.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да жас жұбайлар қымбат кортежден бас тартып, мүмкіндігі шектеулі жандарды қуантып тастады (фото)

ОҚО-да екі курстас бір әйелді өлтіріп, кейін өртеп жіберген

Никарагуалық боксшы Головкинді "гей" деп тілдеді

Путин мансабы аяқталғаннан кейін немен айналысқысы келетінін айтты

Роналду тағы да «Алтын доптың» иегері атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1339645-astanada-bas-prokuraturanynh-aldynda.html