RU

Алматыда миллиардтаған ақшаға бұрын-соңды болмаған айналма тас жолы салынбақ

Алматыда бұрын-соңды болмаған үлкен айналма тас жолының құрылысы 2017 жылы басталатын болды. Жоба құны 350,7 миллиардты құрайды. Ал оның аяқталуы 2021 жылға жоспарланып отыр деп хабарлайды 31 арна.

Тас жолды корейлік компания төсесе, инфрақұрылымға "Еуротранзит Терминал" кәсіпорны кіріспек. Сондай-ақ, жоспарда тағы екі жоба бар.

Атап айтсақ, ұзындығы 48 шақырым болатын «Шымкент қаласы Оңтүстік-Батыс айналма ақылы автокөлік жолы» және 98 шақырымдық Өзбекстанның шекарасына шығатын "Сарыағаш қаласы айналма автокөлік жолын" салу.

"Үлкен Алматы айналма тас жолының құрылысы келер жылы басталады. Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бірақ әлі толықтай бір мәмілеге келгеніміз жоқ. Мәселен жолға кететін шығынды азайту бойынша әлі бірқатар сұрақтар бар. Нақты бұл мәселе бойынша 12 желтоқсанда жауап беретін боламыз", - дейді Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да жас жұбайлар қымбат кортежден бас тартып, мүмкіндігі шектеулі жандарды қуантып тастады (фото)

ОҚО-да екі курстас бір әйелді өлтіріп, кейін өртеп жіберген

Никарагуалық боксшы Головкинді "гей" деп тілдеді

Путин мансабы аяқталғаннан кейін немен айналысқысы келетінін айтты

Роналду тағы да «Алтын доптың» иегері атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1339677-almatyda-milliardtaghan-aqshagha-buryn.html