RU

Атырау облысында лауазымды полицей "әкімге жалпақтаймын" деп қызметкерлерін балағаттаған

Атырау облысының Махамбет аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы әкімдерге жалпақтаймын деп, қарамағындағы қызметкерлерін балағаттаған. Тіпті, толтырған хаттаманы да жыртып тастапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Тәртіп сақшылары аудандық әкімдікке тиесілі трактористке хаттама толтырған екен. Бірақ, ол өзінің тікелей бастығы – Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Мәлік Амановқа телефон соқса керек, оқиға болған жерге жедел жеткен шенеунік мәселені өзі шешпек болыпты.

Тек, полицейлер көнбеген соң жергілікті полиция қызметінің бастығы Нұрлыбек Досқайыровтан көмек сұраған. Шенді полицей де, келе сала қызметкерлерінің қолынан хаттаманы жұлып алып, балағаттай жөнеліпті. Аузына келгенін айтқан майорға қатысты қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Қызметінен де шеттетілуі мүмкін. Кез келген жазаға аудан әкімінің орынбасары Мәлік Аманов та дайынмын деп отыр.

"Өзімнің ісіме өкінемін. Әдеп кеңесі бағасын береді ғой, мен басқа ештеңе айта алмаймын", - дейді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Аман Мәліков.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанның халық саны 18 миллионнан асты

Алматыда миллиардтаған ақшаға бұрын-соңды болмаған айналма тас жолы салынбақ

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр

ОҚО-да екі курстас бір әйелді өлтіріп, кейін өртеп жіберген

Желі қолданушысы орысша сөйлейтін қазақтарды "шалаорыс" деп атауды ұсынды

ОҚО-да жас жұбайлар қымбат кортежден бас тартып, мүмкіндігі шектеулі жандарды қуантты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1339780-atyrau-oblysynda-lauazymdy-policey.html