RU

Тараз көшесінде бірін-бірі қуған полицейлер жұрттың зәресін ұшырды

Тараз көшесінде бірін-бірі қуған полицейлердің әрекеті тұрғындардың әбден зәре құтын қашырды деп хабарлайды 31 арна.

Дабылын қосқан қызметтік көлік екіншісінің жолын кесіп, қашқынды тоқтату үшін тіпті, қару қолдануға тура келген. Әлеуметтік желіде тараған бейне атыс-шабыс киносындағы қарулы қақтығыстан кем түспейді.

Тапа-тал түсте тәртіп сақшыларының бір-біріне қару кезену сәті кездейсоқ келе жатқан көліктің бейне тіркеушісіне түсіп қалған. Тәртіп сақшысының көлігін міне қашқан азамат оңайшылықпен беріле қоймайды. Тіпті бетпе-бет қару кезенсе де, баса көктеп қашуға әрекет еткені көрінеді. Көптің бұл көріністен үрейленуі де бекер емес.

Өйткені бұған дейін Тараз бен Алматы қаласында қаскөйлер тәртіп сақшыларын қырып салған еді. Бұл жолы жұртты қорқытқан құрықтау шарасы антитеррорлық жаттығу екен.

"2016-шы жылдың 2-ші желтоқсанында Тараз қаласында өткен антитеррорлық жаттығулар кезінде түсірілген. Осы жаттығулар кезінде полиция қызметкерлерімен қарулы қызметкерлерді ұстау бойынша дағдылылар жасалынды", - дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы  Гүлсара Мұқтарқұлова.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанның халық саны 18 миллионнан асты

Алматыда миллиардтаған ақшаға бұрын-соңды болмаған айналма тас жолы салынбақ

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр

ОҚО-да екі курстас бір әйелді өлтіріп, кейін өртеп жіберген

Желі қолданушысы орысша сөйлейтін қазақтарды "шалаорыс" деп атауды ұсынды

ОҚО-да жас жұбайлар қымбат кортежден бас тартып, мүмкіндігі шектеулі жандарды қуантты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1339846-taraz-koshesinde-birin-biri-qughan-poli.html