RU

Астана-Бурабай тас жолындағы апаттан желі қолданушылары "жынды" байқап қалған (фото)

Астана-Бурабай тас жолында 4 желтоқсан күні болған жол апаты бүкіл Қазақстан жұртын дүр сілкіндірді. Жол апатынан бір емес, төрт адамның өмірі қиылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бірақ, бұл қайғылы оқиға кезінде 3-жасар сәбидің аман қалуы көпшілікті таң қалдырды. Желіде баланы құтқарып қалып, күл-талқаны шыққан көліктен әйелдерді шығарып алмақ болған ер адам туралы жазба пайда болды.

Facebook желісінің қолданушысы өзінің парақшасында жазба қалдырды. Оның айтуынша, жол апаты кезінде адамдарды құтқаруға тырысқан адамдардың оқиға орнына тап келуі жайдан-жай емес. Себебі, олардың қолында мұндай жағдайларда аса қажет болар деген жабдықтардың барлығы болған. Ол оқиға орнында не болғанын баяндап берді.

«Астана-Бурабай тас жолында болған жол апаты бәлкім жақсы аяқталар ма еді? Алғашқы жол апатынан әлі де тірі жатқан жолаушыларды құтқаруға тырысқандардың ішінде Мемлекеттік күзет қызметінің төрт қызметкері де болған. Олар дәл осы жерден кездейсоқ (мүмкін кездейсоқ емес) өтіп бара жатқан екен. Солардың бірі менің досым", - дейді ол.

«Менің досым әлі де адамдарды құтқара алмай қалғаны үшін қатты уайымдап жүр. Майысып қалған көлік терезесінен тірі жатқан әйелді шығарып алмақ болған сәтте ер адам оларға қарай тағы бір көлік келе жатқанын түсінеді. Көліктен тез арада артқа шегінген досым сол сәтте-ақ жол апатына ұшыраған көлікті ірі автобус таптап кеткенін өз көзімен көреді. Одан 20 см қашықтықта жатқан әйелдерді автобус басып кетеді. Сол сәтте оның ойына бір-ақ нәрсе келеді: "Тағы бір минутым болғанда ғой" деген.

Ол сондай-ақ, 3-жасар Даниилді құтқарып қалған кісі туралы айтты.

"Автобус соқтығысқанға дейін, шамамен бір минут бұрын, белгісіз ер адам Даниилді Кирил Гончаровтің қолына береді. Содан кейін ол ары қарай әйелдерді құтқаруға кіріседі. Ол да тұман ішінен "Қашыңдар!" деген жай-айқайды естісе де, қашып үлгере алмады. Қашатын жер болмады. Баланың өмірі үшін ол өз өмірін қиды", - деп жазады Құрманбаев.

Жол апаты болған жерге адамдар топтала жинала бастады. Қалың тұманның себебінен зардап шеккендер саны көп болуы ықтимал еді. Осы тұста досымның жолдастары басқа көліктерге белгі беріп, жол апаты оқиғасынан хабардар етті", - деген Жандос олар өте сабырлы түрде әрекет етіп, көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға барын салғанын атап өтті.

Сонымен бірге, оның айтуынша, бұл қайғылы оқиға болған жерден келген суреттерден ол мистикалық деталь байқағанын айтты.

«Автобустан мүйізі бар, түрі сұсты көлеңкелі біреудің түрін көруге болады", - деген ол автобуста жын болғанын айтады.

Еске салсақ, 4 желтоқсан күні Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде, Астана-Бурабай тас жолында жол апаты орын алып, одан 4 адам қаза тапқан.

Жол апатынан 3-жасар бала аман қалды. Оның анасы оқиға орнында көз жұмды.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанның халық саны 18 миллионнан асты

Алматыда миллиардтаған ақшаға бұрын-соңды болмаған айналма тас жолы салынбақ

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр

ОҚО-да екі курстас бір әйелді өлтіріп, кейін өртеп жіберген

Желі қолданушысы орысша сөйлейтін қазақтарды "шалаорыс" деп атауды ұсынды

ОҚО-да жас жұбайлар қымбат кортежден бас тартып, мүмкіндігі шектеулі жандарды қуантты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1339862-astana-burabay-tas-zholynda-boten-sabi.html