RU

Сәрсенбіде қазақстандықтарды тұман мен бұрқасын күтеді

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, көбінесе қар жауып, күндіз оңтүстікте қатты жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз болады, деп хабарланады ТЖ комитетінің сайтында.

Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде де тұман болады.

Ал Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтобе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында да жел тұрып, кей жерлерінде бұрқасын болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде кей жерлерде тұман, бұрқасын болады.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанның халық саны 18 миллионнан асты

Алматыда миллиардтаған ақшаға бұрын-соңды болмаған айналма тас жолы салынбақ

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр

ОҚО-да екі курстас бір әйелді өлтіріп, кейін өртеп жіберген

Желі қолданушысы орысша сөйлейтін қазақтарды "шалаорыс" деп атауды ұсынды

ОҚО-да жас жұбайлар қымбат кортежден бас тартып, мүмкіндігі шектеулі жандарды қуантты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1339891-sarsenbide-qazaqstandy-tuman-men-bur.html