RU

Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде 3 жасар баланың тісі сынып, ерні жыртылған (фото)

Ақтөбедегі №21 «Кәусар бұлақ» балабақшасының ата-анасы NUR.KZ-ке хабарласып, баласының жантүршігерлік жағдайға ұшырағанын айтты.

3 жасар Санжар Көшековтың балабақшада ауызының іші жыртылып, тісі сынған. Ауызы қанталап кеткен баланың жағдайынан тәрбиешілер хабарсыз екендерін айтып, бастарын алып қашқан.

«6 желтоқсан күні таңертең ұлымды балабақшаға апардым. Ойнап кетті. Кешкілік алуға барғанымда алдымнан балам жүрігіп шықты. «Мама» деп ауызын көрсете береді. Баламның ауызын ашып қарағанымда шалқамнан түсе жаздадым. Қызыл иегінің барлығы жыртылған. Тістері ісініп тұр, ернінің ішкі жағы қанталап кеткен. Шошып кеттім. Бірден баланың жағдайын тәрбиешіден сұрадым. Олар ештеңе білмейміз, ештеңе көрген жоқпыз деп ақталды. Олардың көрмеуі мүмкін емес. Ауызында қаншама жырық пен жара болған кезде бала қансырады. Олар баланың бетін тазартып, кешкілік түк болмағандай дайындап қойған. Медбике де, басқасы да ештеңе көрген жоқпыз деп бастарын алып қашты. Мен баламды алып, үйге жүгірдім. Үйде емізулі балам қалған болатын», - деді анасы Анар Өтеулина.

Балабақшада қансырап қалған 3 жасар Санжар Көшеков қазір үйінде. Ата-анасы дәрігерге апарып, шапқылап жүр. Олар балаларының жағдайын айтып, Сазды полиция бөлімшесіне шағым түсірген. Енді осыған қатысты сот медициналық экспертиза тағайындалады.

32 жастағы үш баланың анасы ұлын қансыратып тастаған балабақша қызметкерлерін заңға сүйеніп жазалайтынын айтты.

«Үйге келген бойдан жедел жәрдем шақырдым. Облыстық балалар ауруханасына барғанымда дәрігерлер де баламның ауыз қуысының жыртылып, қызыл иектерінің ісініп кеткенін айтты. Салбырап тұрған бір тісін жұлып берді. Ертең екінші тісін көрсетуге барамыз. Себебі ол да қозғалып тұр. Тәрбиешілердің қалай үндемей қалғанына таң қаламын. Баламның қаншама қан жоғалтқанын көріп тұрмын. Ал олар білмейміз, көрген жоқпыз деп адамды жынды қылады. Олары аздай ауызында ашық жарамен тұрған балаға тамақ беріп, ішіне инфекция кіргізген. Қазір балам трубкамен сұйық тамақты ғана ішіп отыр», - дейді Анар Өтеулина.

Оқиға орын алған «Кәусар бұлақ» балабақшасы Ақтөбеде түрлі жағдайлар тіркеліп, танымал болған мектепке дейінгі ұйымдардың бірі. Осыған дейін балабақшада балалардың шуламау үшін ауыздарын скочпен жауып қоятын жағдай да осы жерде тіркелген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Ұлын танымал әншінің баласы деп жар салған продюсер көпшілікке жауап берді (фото)

Атырау облысында лауазымды полицей "әкімге жалпақтаймын" деп қызметкерлерін балағаттаған

Сәрсенбіде қазақстандықтарды тұман мен бұрқасын күтеді

Тараз көшесінде бірін-бірі қуған полицейлер жұрттың зәресін ұшырды

Хакасияға алып метеорит құлады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1339996-aqtobedegi-balabaqshalardynh-birinde-3.html