Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал журналист жұлдыздардың сырын ашамын деп шектен шыққан бағдарламаны сынады

Опубликовано:

Жуырда ғана көрермендерге жол тартқан 31 арнадағы "Ұят емес" бағдарламасын желі қолданушылары қатаң сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Facebook желісінің қолданушысы Мұрат Алмасбекұлы парақшасында жазба қалдырып, "Ұят емес" деген сөзді насихаттау ұятсыздықтың нақ өзі деген пікір айтты.

"Ұят емес" деген мыжыған бағдарлама шығыпты. "Ұят болады" деген бағдарлама неге шықпайды оның орнына? Ел алдында жүрген адамдарды студияға шақырып алып, «ұят емес» деп, суырыла, сұғанақтана сұрақ қойып, олардың ең бір өкінішті, жүрек ауыртар сәттерін айтқызғанша, олардың өміріндегі жарқын сәтін, ең бір жүрек тербер, өзгеге үлгі болар, жақсы көңіл-күй сыйлар жайларын неге айтқызбайды?", - дейді ол.

Сонымен бірге ол "атақты адам, әйгілі жұлдыз» дегендердің байынан таяқ жегені, күйеуінің көзіне шөп салғаны немесе жағдайы жоқ болып қалған кездері, күйеуінің тоқал алып алғаны кімге қызық, кімге таңсық?" дей келе, ол ешкімге де сабақ болмайтынын жазды.

"Көбі соны қызыл өсек ретінде тыңдап, айызы қанып, ертең біреуге өсектеуге асығып, жайы келсе ананы табалап, күліп отырары анық. «Жаман сырын айтамын деп шынын айтыпты» деген сөз бар", - дейді желі қолданушысы.

"Қазақ сонау ата-бабасынан бері "Ұят болады" деген сөзбен жасап келеді. Сол ұят болады талай ұятты істерден сақтады. Өзіміз де сол «ұят болады» деген халықтық мораль кодексімен келеміз. Жаман болған жеріміз жоқ. «Әлемде ұяттан сұлу нәрсе жоқ» дейді Сократ.

Әнші, жұлдыздар да адам. Біреудің отбасылық мәселесін, жан күйінісін халықтың алдында айтқызып, оны «ұят емес» деп үрлеп дабырайту ұятсыздықтың нақ өзі. Ұят емес дегенді санаға сіңіргенше, ұят болады деген ұғымды ұялатуға неге тырыспаймыз.

Онсыз да ұяты жұқарып, тәні мен жаны жалаңаштанып бара жатқан қоғамда ұят емес деген жарнама жасау үлкен ұят", - деп жазады ол.

Оның бұл пікірін өзге желі қолданушылары түрлі пікірлерін қалдыруда.

Тағы оқыңыздар:

Ұлын танымал әншінің баласы деп жар салған продюсер көпшілікке жауап берді (фото)

Атырау облысында лауазымды полицей "әкімге жалпақтаймын" деп қызметкерлерін балағаттаған

Сәрсенбіде қазақстандықтарды тұман мен бұрқасын күтеді

Тараз көшесінде бірін-бірі қуған полицейлер жұрттың зәресін ұшырды

Хакасияға алып метеорит құлады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1340024-tanymal-zhurnalist-zhuldyzdardynh-syry/

pixel