RU

Трамп 4 миллардтық ұшақты қымбатсынып, сатып алудан бас тартты

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Boeing компаниясының Ақ үйдің жаңа басшысына арнайы жасап жатқан 4 миллиард доллар тұратын президенттік Air Force One ұшағын тым қымбат деп, оны сатып алудан бас тартты.

Бұл туралы шетелдік басылымға сілтеме жасап Егемен Қазақстан хабарлайды.

«Boeing компаниясы болашақ президенттерге арнап жаңа 747 Air Force One ұшағын құрастырып жатыр. Бағасы өте қымбат, 4 млрд доллардан асады. Тапсырыстың күші жойылсын!» — деп жазды миллиардер өзінің twitter парақшасында.

Нью-Йоркте журналистердің алдына шыққан Трамп мұндай қымбат ұшақ міну ақылға қонымсыз екенін айтты.

«Біз, әрине, Boeing компаниясының байығанын қалаймыз. Бірақ осыншалықты емес», — деді кәсіпкер.

Өз кезегінде Boeing компаниясы Ақ үй басшысының бұл қадамына ешқандай да жауап қатпады әзірге. Айта кетейік, Air Force ұшағы бүгінге дейінгі АҚШ президенттерінің мінген ең қымбат ұшақтарының бірі.

Тағы оқыңыздар:

Қарттар үйінің тұрғыны өзін "алып кетемін" деп уәде берген ұлын телміре күтіп жүр

ОҚО-да 20 жастағы бойжеткен емханаға келушілерді тонап кетті

Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде 3 жасар баланың тісі сынып, ерні жыртылған (фото)

Астана-Бурабай тас жолындағы апаттан желі қолданушылары "жынды" байқап қалған (фото)

Түрік жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы бақытты өмірін баяндады

МС Сайлаубекпен би билеуге құмартқан қыздар кезекке тұрды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1340142-tramp-4-millardtyq-ushaqty-qymbatsynyp.html