RU

Сауд Арабиясы "тыңшылық жасаған" 15 адамды өлім жазасына кесті

Сауд Арабиясында Эр-Рияд соты 15 адамға "Иранның мүддесіне тыңшылық жасады" деген айыппен өлім жазасын кесті деп хабарлайды Азаттық.

Соттың 6 желтоқсандағы үкімімен тағы 15 адам алты айдан 25 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Екі сотталушы ақталды.

Сотталғандарға "Иран барлау қызметімен ынтымақтаса отырып тыңшылық топ құрды", "Иранға саудиялық әскерилер туралы құпия ақпарат берді", "шииттер басым тұратын аудандарда тәртіпсіздіктерді қолдады" деген айыптар тағылған.

Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Гасеми Сауд Арабиясында Иранның пайдасына тыңшылық жасалды деген мәлімдемені жоққа шығарды.

Amnesty International халықаралық ұйымы бұл үкімді "әділ сотты келемеждеу және адам құқығын өрескел түрде бұзу" деп атады.

Тағы оқыңыздар:

Қарттар үйінің тұрғыны өзін "алып кетемін" деп уәде берген ұлын телміре күтіп жүр

ОҚО-да 20 жастағы бойжеткен емханаға келушілерді тонап кетті

Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде 3 жасар баланың тісі сынып, ерні жыртылған (фото)

Астана-Бурабай тас жолындағы апаттан желі қолданушылары "жынды" байқап қалған (фото)

Түрік жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы бақытты өмірін баяндады

МС Сайлаубекпен би билеуге құмартқан қыздар кезекке тұрды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1340245-saud-arabiyasy-tynhshylyq-zhasaghan-15-adam.html