RU

Таксиде есінен танып қалған әйелді зорлаған жүргізуші сот алдына келді

Алматыда ел назарына іліккен оқиға – жолаушысын зорлаған шопырдың ісі бойынша үкім шығарылды деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

БАҚ мәліметінше, 33 жастағы әйел адам биыл маусым айында таксиге отырады, алайда жаны күйзеліп отырып, есінен танып қалады. Бұл сәтті такси шопыры пайдаланып кеткен. Зорлау нәтижесінде әйел адам түрлі жарақаттар мен психологиялық зардап шегеді. Шопыр онымен қоймай әйелдің қомақты ақшалай қаражатын ұрлап кеткен.

Жәбірленушінің адвокаты Айман Умарова, сонымен қатар, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Жібек Мусинованың мүддесін қорғаған. Әйел адамды ұлттық қозғалыс #НеМолчиKZ-те қолдады.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны үш жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

А. Айдарұлы Қылмыстық кодекстің 120-бабы (Зорлау) бойынша айыпты деп танылып, сот оны үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, алайда екі жақ бітімге келіп, жәбірленушіге материалдық шығын өтелгендіктен, сот Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолданып, айыпталушыны шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Тағы оқыңыздар:

Қарттар үйінің тұрғыны өзін "алып кетемін" деп уәде берген ұлын телміре күтіп жүр

ОҚО-да 20 жастағы бойжеткен емханаға келушілерді тонап кетті

Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде 3 жасар баланың тісі сынып, ерні жыртылған (фото)

Астана-Бурабай тас жолындағы апаттан желі қолданушылары "жынды" байқап қалған (фото)

Түрік жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы бақытты өмірін баяндады

МС Сайлаубекпен би билеуге құмартқан қыздар кезекке тұрды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1340277-takside-esinen-tanyp-qalghan-ayeldi-zo.html