RU

Ақмола облысында ақыл-есінде ауытқушылығы бар әйел жоғалып кетті

Ақмола облысында полиция қызметкерлері 29 қарашада жоғалып кеткен Астрахан ауданы Жалтыр аулының 53 жастағы тұрғынын іздестіруде деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

"53 жастағы әйел адамның жоғалғандығы туралы арыз Астрахан аудандық ІІБ-не 6 желтоқсанда түскен. "Лукьянова В. М. жалғыз тұрып жатқан, үш ересек баласы Астанада тұрып жұмыс істейді. Жоғалып кеткен әйелдің туысқаны берген мәлімет бойынша, әйел адам психикалық дертке шалдыққан, ауыл тұрғындарының ешқайсымен араласпайды. 29 қараша күні Лукьянованың жоғалып кеткендігін тәтесі біліп, балаларына хабар берген. Туған-туыстары әйелді бір апта бойы өздері іздепті, өйткені ол бұдан бұрын да үйінен кетіп қалатын болған", — деп хабарлайды ведомство.

Лукьянова Венераны іздеуге Астрахан ауданы және өңірдегі басқа да ІІБ-дерінің жеке құрамы бөлінді. Полицейлер, туған-туыстар және ауыл тұрғындарынан құрылған бірнеше топ іздеуді жалғастыруда.

Жоғалып кеткен әйелдің бойы 155-160 см, дене бітімі орташа, жирен шашты. Қара пальто, тоқылған берет, қара қыстық етік киген.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист "жұлдыздардың сырын ашамын деп шектен шыққан" бағдарламаны сынады

Қарттар үйінің тұрғыны өзін алып кетем деп уәде берген ұлын телміре күтіп жүр

Таксиде есінен танып қалған әйелді зорлаған жүргізуші сот алдына келді

Жұрт мазақ қылған кедей бір сәтте байып шыға келді (фото)

19 жастағы футболшының жасыл алаңда жүрегі ұстап қалды (видео)

Трамп 4 миллардтық ұшақты қымбатсынып, сатып алудан бас тартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1340376-aqmola-turghyndary-psikhikalyq-dertke.html