RU

Ақтөбе тұрғындары: Қалада еш дүрбелең жоқ, тым-тырыс

Арнайы операция жүргізіліп жатқанына қарамастан, Ақтөбе қаласы тым-тырыс деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Арнайы операция кезінде қала орталығында жүрген Ақтөбе тұрғыны қалада бәрі тыныш, ешқандай дүрбелең жоқтығын айтады.

Ақтөбеде арнайы операция жүргізілуде.  Ақпарат және байланыс министрлігі мәлімдегеніндей, арнайы қызметтер Ақтөбе мұнай өңдеу зауыты ауданында шара жүргізіп жатқан еді, қаланың әр бөлігінде қылмыскерлер ұсталуда. Арнайы операцияның мақсаты туралы ақпарат әлі айтылған жоқ.

"Әзірше, тым-тырыс, ештеңе естімедім. Ешқандай дүрбелең туған жоқ. Қала орталығында жүрмін, бәлкім, қала сыртында бірдеңе болып жатқан шығар", — деп хабарлады Ақтөбе тұрғыны Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Орталық көшемен келе жатырмын, тіпті жол полициясы да жоқ", — дейді тағы бір әйел.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбедегі арнайы операция не үшін өтті?

Бас прокурор өзін-өзі өртеп жіберген әйелді қатаң бақылауға алды

Қарттар үйінің тұрғыны өзін алып кетем деп уәде берген ұлын телміре күтіп жүр

Ұлын танымал әншінің баласы деп жар салған продюсер көпшілікке жауап берді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1340563-aqtobe-turghyndary-qalada-esh-durbelenh.html