RU

Алматылық кәсіпкерлерді төлем карточкаларын қабылдайтын жабдық орнатуға міндеттейді

Жаңа жылдан бастап алматылық жеке кәсіпкерлерді өз қызметін жүзеге асыратын жерде төлем карточкаларын қабылдауға арналған арнайы жабдық орнатуға міндеттейді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының хабарламасынан белгілі болды.

«Құрметті Алматы қаласының кәсіпкерлері, Сіздерді Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Заңының 11-ші бабына сәйкес 2016 жылдың 1-ші каңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының аумағында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын (POS-Терминал) пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті екенін естеріңізге салады», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысатын кәсіпкерлер, онлайн режимдегі кассалық аппарат колдануы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1340592-almatylyq-kasipkerlerdi-tolem-karto.html