RU

Ниязымбетов пен Левитке алтынға пара-пар сыйақы берілетін болды

Бокстан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левитке алтынға пара-пар сыйақы беріледі.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Василий Левит төрешілердің қателігінен Олимпиаданың күмісін иеленсе, Әділбек Ниязымбетов аса тартысты кездесуде әккі қарсыласына есе жіберген болатын.

Олимпиададан кейін спортшыларды қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев қос спортшының сыйақысын алтын жүлдегерлердің сыйақысымен теңестіруді тапсырды. 8 желтоқсан күні Левит пен Ниязымбетовке чемпионға тиесілі сыйақы табысталады.

Тағы да оқыңыздар: 

Ақтөбеде қаруланған жасақ қылмыстық топтың бірнеше мүшесін құрықтады

Отандық журналист қазақ қыздарынан тоқал алғысы келген түрік әншісін орнына қойды

Ақтөбе тұрғындары: Қалада еш дүрбелең жоқ, тым-тырыс

Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «Қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

Әйелімен он жыл бойы жақындаса алмаған ер адам әуретті жерін шауып тастады (фото +18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1340667-niyazymbetov-pen-levitke-altyngha-para.html