RU

Ақтөбеде қаруланған жасақ қылмыстық топтың бірнеше мүшесін құрықтады

Ақтөбедегі арнайы операция барысында қылмыстық топтың бірнеше мүшесі қамауға алынды. Олар радикалды салафизмді ұстанатындар болып шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілісі, радикалды салафизмді ұстанатын қылмыскерлер мұнайды жымқырушыларға қамқорлық еткен.

7 желтоқсан күні ҰҚК Ішкі істер департаментімен және Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлерімен бірге Ақтөбе облысында қылмыстық топты тоқтатуға бағытталған ірі арнайы операцияны қолға алды. Қылмыстық топ мұнай өнімдерін заңсыз айналымға шығарып, жымқырумен айналысқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында мұнай ұрлады деген күдікпен бірнеше адам құрықталып, мұнайға толы автоцистерналар тәркіленді. Одан бөлек радикалды салафизмді ұстанатын қылмыстық топтың бірнеше мүшесі ұсталды. Олар мұнай тонаушыларға көмек көрсетіп отырған.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде қаруланған арнайы жасақ мұнай өңдейтін зауытты қоршағаны туралы хабарланған болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбедегі арнайы операция не үшін өтті?

Бас прокурор өзін-өзі өртеп жіберген әйелді қатаң бақылауға алды

Қарттар үйінің тұрғыны өзін алып кетем деп уәде берген ұлын телміре күтіп жүр

Ұлын танымал әншінің баласы деп жар салған продюсер көпшілікке жауап берді (фото)

 Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «Қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

Пәктігін саудалаған 18 жастағы бойжеткенге бай-бағландар таласып жатыр (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1340674-aqtobede-qarulanghan-zhasaq-qylmystyq.html