RU

Астанада өзін өзі өртеген әйел ес-түзсіз жатыр

Ұлына шығарылған үкіммен келіспей Астанадағы Бас прокуратура ғимаратының алдында өзін өзі өртеген әйел ауыр хәлде жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы №1 қалалық аурухананың комбустиология бөлімшесінің меңгерушісі Павел Кутняков мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, емделуші 6 желтоқсан күні "жедел жәрдем" көлігімен №1 аурухананың қабылдау бөліміне келіп түскен.

"Түскен кезде емделушінің жағдайының ауыр болуы сырт терісінің үлкен бөлігі зақымдалуымен шартталған. Емделуші жансақтау және интенсивті терапия бөліміне жатқызылды. Онда шокқа қарсы терапия басталып, арнайы өртке қарсы төсек жағдайына орналастырылды", — деді Кутняков журналистерге.

"Бүгінгі таңда емделушінің жағдайы ауыр болып қала беруде, ол күю шогымен шартталған. Зақымдану ауданы 60%", — деп қосты ол.

Дәрігердің мәлімдеуінше, емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталған барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіліп жатыр екен.

Сол арада, астаналық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің жансақтау бөлімінде ес-түзсіз жатқанын мәлімдеді деп жазады NewTimes.kz.

Еске салсақ, сейсенбі күні Астанадағы Бас прокуратура ғимаратының алдында әйел кісі өзін-өзі өртеп жіберді. Ведомствода хабарлағандай, әйел адам 1968 жылы туылған Рысманова есімді азаматша. Ол 1988 жылы туылған ұлы Ахметовтың үкіміне келіспегендіктен, өз-өзін өртеп жіберген.

 

Тағы да оқыңыздар: 

Ақтөбеде қаруланған жасақ қылмыстық топтың бірнеше мүшесін құрықтады

Отандық журналист қазақ қыздарынан тоқал алғысы келген түрік әншісін орнына қойды

Ақтөбе тұрғындары: Қалада еш дүрбелең жоқ, тым-тырыс

Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «Қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

Әйелімен он жыл бойы жақындаса алмаған ер адам әуретті жерін шауып тастады (фото +18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1340760-astanada-ozin-ozi-ortegen-ayel-es-tuzs.html