Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев 16 жыл бұрын қолына мұнай жаққан баламен кездесті (фото)

Опубликовано:

Қашаған кен орнының ашылуында Назарбаевтың залда отырған жас жігітке көзі түсті. 2000 жылы 7 жастағы Берік дәл сол Қашаған аймағында елбасымен кездескен еді. Бұл туралы qamshy.kz порталы  mgorod.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Назарбаев сол баланың бетіне өз қолымен мұнай жаққанын есіне алды. 2013 жылы ол баламен "Болашақ" зауытының ашылуында екінші рет кездескен екен. Ол кезде Берік Ұлыбританиядағы Манчестерлік университетте білім алып жүрген. Беріктің таңдаған мамандығы - мұнайшы, шет елде білім алып, жарты жылдан бері туған өлкесіндегі Қашаған кен орнының дамуы үшін өз мұнай өндірісінде еңбек етіп келеді.

7 желтоқсанда президент Атыраудағы Қашаған елді мекенінде орналасқан кен орнын ресми түрде іске қосты.

"Барша Қазақстандықтарды осы үлкен қуанышпен - Қашаған кен орнының іске қосылуымен шын жүректен құттықтаймын", - деп Назарбаев өз лебізін білдірді.

Қашаған кен орнының ашылуында президент Атырау облысының 13 мұнай қызметкерлерін марапаттады. Сонан соң шетелдік NCOC компаниясының инвестірлік-акционерлік қоғамымен кездесу болды.

Тағы да оқыңыздар: 

Ақтөбеде қаруланған жасақ қылмыстық топтың бірнеше мүшесін құрықтады

Отандық журналист қазақ қыздарынан тоқал алғысы келген түрік әншісін орнына қойды

Ақтөбе тұрғындары: Қалада еш дүрбелең жоқ, тым-тырыс

Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «Қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

Әйелімен он жыл бойы жақындаса алмаған ер адам әуретті жерін шауып тастады (фото +18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1340869-nazarbaev-16-zhyl-buryn-qolyna-munay-zhaqq/

pixel