RU

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын қылмыс әлемінің серкесі басқарған (фото)

Құзырлы органдар Ақтөбеде мұнай ұрлығымен айналысатын қылмыстық топты ұстау үшін операцияны бірнеше ай бойы жоспарлапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Өйткені мүшелерінің көптігінен және еліміздің түкпір-түкпірінде тұратындығынан біраз қиындық туындаған. Сондықтан тек Ақтөбеде ғана емес, Қандыағаш қаласындағы мұнай өңдейтін «Вернал Ойл» зауыты да қоршауға алынған.

Онда да қылмыскерлер ұрланған қара алтынды өткізетін өз желілерін құрып алған екен. Олардың барлығын Еркін Ізбасаров Алматыда отырып басқарыпты.

50 жастағы бұл азамат қылмыс әлемінде «Ағайынды төртеу» деген лақап атпен танымал топтың серкесі.

Арбаға таңылса да, еліміздегі мұнай ұрлығын бақылап, оны қайда өткізіп, ақшасын қайда жіберуді бұйырып отырған сол дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер. Ол да 7 қарашада Алматыда оққағары мен көлік жүргізушімен бірге көше бойында көлігімен кетіп бара жатқан жерінен ұсталды.

Ал қарақшылық жолмен алынған қара алтынды сатуға делдалдық еткен тағы бір тұрғын өз пәтерінен тұтқынға алынған. Өзін Досупов деп таныстырған одан мұнайға қатысты құжаттар тәркіленді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан мәліметтерге қарағанда қылмыстық топтың мүшелері радикалды салафиттерді қолдаушылар екен. Осындай лаңкестік пиғылдағы топтар мұнай ұрлығымен жүйелі тұрде айналысып, табысты кәсіптен тапқан ақшасына қару-жарақ сатып алып отырған.

Әзірге қылмыстық топтың құрамында қанша адамның болғанын және қаншасының ұсталғанын құзырлы органдар ашып айтпай отыр.

Еске сала кетсек, Ақтөбедегі арнайы операция барысында қылмыстық топтың бірнеше мүшесі қамауға алынған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Васька есімді мысықты ұрлаған павлодарлықтың басы бәлеге қалды

Ақмола облысында ақыл-есінде ауытқушылығы бар әйел жоғалып кетті

Сауд Арабиясы "тыңшылық жасаған" 15 адамды өлім жазасына кесті

Иесінің айтқанын екі етпей орындайтын ит желіде жұлдыз болды (видео)

Тапқыр жігіт ғашығына "ешбір бойжеткен бас тарта алмайтын" ерекше ұсыныс жасады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1340967-aqtobedegi-munay-urlyghyn-salafitter.html