RU

Елімізде 70-тегі қария жарты тоннадан астам қан өткізіп, талай жанды құтқарған

Қазақстанда жарты тоннадан астам қан өткізген рекордтық көрсеткішке ие донор бар деп хабарлайды 31 арна.

Cегіз мыңдық шыңдарды 14 мәрте бағындырған ең жас альпинист те біздің отандасымыз. Ал кеудесіне 10 келіден артық металл бұйымдарды жабыстыра алатын магнит-әйел Орал қаласында тұрады. Осындай ерекше тұлғалар мен үздік көрсеткіштер бір жерге жинақталды. Алматыда әр саланың үздіктері тіркелген рекордтар кітабының жаңа басылымы жарыққа шықты.

Мұқағали ақынның "Мен донормын" өлеңі өмірлік ұранына айналған Александр Скаковский осы уақытқа дейін жарты тоннадан артық қан өткізген. Қазақстандағы нөмірі бірінші донор 1051 рет қан тапсырғанын айтады. 45 жыл бойы талай жанға көмегі тиген 70 жастағы қарияға көптің қошеметі де ерекше.

"Мен 1971 жылдан бері қан тапсырамын. Ең алғаш босанайын деп жатқан келіншекке қан керек болып, менің қаным сәйкес келген. Менің қанымды құйып нәресте мен анасын аман алып қалды", - дейді Александр Скаковский.

Рекордтық көрсеткіші бар отандастарымыз қатарында спортшылар да, альпинистер де бар. Тіпті, әлемде теңдесі жоқ дәрігерлер отбасы да рекордтар кітабына енген. Алматылық Дудаевтар отбасында 28 тіс дәрігері бар екен. Ал 76 жастағы Жан ата ішкі қуаты арқылы адам сенгісіз әрекеттер жасаса, Жамали Диханұлы 6 метр биіктікте 300 өткір пышақтың үстімен жүріп өткен.

Оған қоса, Жамали Диханұлы 15228 адамды бір уақытта "Қара жорға" биіне билеткен адам. 13 тараудан тұратын рекордтар кітабында 325 ең үздік жетістіктер жазылған.

Тағы да оқыңыздар:

Не себепті қазақтардың дені соғым жеуді тек түсінде көретін болған? (фото)

Ақмола облысында ақыл-есінде ауытқушылығы бар әйел жоғалып кетті

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын қылмыс әлемінің атышулы серкесі басқарған (фото)

Алматы облысында жалғызбасты ана 4 баласымен өлместің күнін кешуде (фото)

Шығыста жолаушыға лық толы автобус төңкеріліп қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1341186-70-zhastaghy-qariya-zharty-tonnadan-astam-q.html