RU

Еліміздегі әкімдер рейтингінде Қырымбек Көшербаев топ бастады

Крымбек Кушербаев
Фото: UGC

Қараша айындағы үздік әкімдер рейтингі жарияланды. Бұл туралы Sayasat.org сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Қарашадағы әкімдердің белсенділігі 1 және 16 желтоқсан мерекелеріне дайындықпен және қыстың ерте түсуіне қатысты кездескен қиындықтармен басталды.

Осыған орай, саясаттанушы, қоғам белсенділері, политехнолог, блогер және журналистерден құралған 29 сарапшы үздік әкімде рейтингісін жасақтады.

Қарашаның қорытындысы бойынша, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 1-ші орынға шықты.

Астана әкімі Әсет Исекешов өзінің басты қарсыласы Бауыржан Байбектен озды. Исекешов 2-ші, Байбек 3-ші орында. Төртінші орынды Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев иемденді.

Үздік бестікті Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев тұйықтап тұр.

Алтыншы орында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов, жетінші орында ШҚО әкімі Даниал Ахметов, сегізінші сатыда БҚО әкімі Алтай Көлгінов, тоғызыншы орында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, оныншы орында Маңғыстау облысының әкімі Әлік Айдарбаев тұр.

Ал халыққа ықпал етуі мүлде төмен әкімдер қатарында Нұрлан Ноғаев (Атырау облысы), Нұрмұхаммед Әбдібеков (Қарағанды облысы), Жансейіт Түймебаев (ОҚО), Сергей Кулагин (Ақмола облысы), Болат Бақауов (Павлодар облысы) және Архимед Мұхамбетовтер  (Қостанай облысы) бар.

Тағы да оқыңыздар:

Не себепті қазақтардың дені соғым жеуді тек түсінде көретін болған? (фото)

Ақмола облысында ақыл-есінде ауытқушылығы бар әйел жоғалып кетті

70 жастағы қария жарты тоннадан астам қан өткізіп, талай жанды құтқарған

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұлды болды

Ақышев: 2017 жылы валюта бағамы тағы да еркін айналымда болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1341256-elimizdegi-akimder-reytinginde-qyry.html