RU

Белсенді блогер қоғамның дертінен теріс айналған Бекболат Тілеуханды сынға алды

Facebook желісінің белсенді қолданушысы Айгүл Орынбек Бекболат Тілеуханнан қоғамда орын алып жатқан түрлі проблемалық мәселелерге назар аударуды сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол желідегі парақшасында осы туралы жазба қалдырды.

"Оқушылардың тамағын жойғандарды, мектеп, жол, көпір саламыз деп мемлекеттің ақшасын жегендерді, бейбітшілік күнде қолына қару алып бейкүнә азаматтарды атқандарды, балақ кесіп қазақтың қыздарын талақ айтып бір бірлеріне сыйлаған бауырларыңды, жерді сатамын деп заң шығарғандарды ауыздықтасаңыз қайда қалдыңыз? Халықтың аузына ауыздық салатындай, халық мал ме еді? Ауыздықты сізге салу керек", - деп жазды ол.

"Халық қазір күш. Халықтың аузын жабуды ойламай, халықтың көңілінен шығуды ойлаңыз, аға! Мінбеге халықтың аузын жабу үшін отырдыңыз ба?", - деп сұрақты төтесінен қойды блогер.

Сонымен бірге, ол Бекболаттан қоғамда өршіп тұрған өзекті мәселелерге көз жұма қарамауды сұрады.

"Қыршын кеткен тоғыз полиция қызметкерлерінің жағдайын сіз толғамағанда кім толғайды? Зорланып жатқан сәбилердің жан айқайын сіз жырламағанда, кім жырлайды, аға? Аға, неге біз осының бəрін көре тұра ауыздықталуымыз керек? Сіз айта алмаған дүниені біз айтқанымыз үшін кінəліміз бе? Сол үшін ауыздықталуымыз керек пе? Осыған жауап беріңізші, аға!", - деді ашынған ол.

Тағы да оқыңыздар:

Не себепті қазақтардың дені соғым жеуді тек түсінде көретін болған? (фото)

Ақмола облысында ақыл-есінде ауытқушылығы бар әйел жоғалып кетті

70 жастағы қария жарты тоннадан астам қан өткізіп, талай жанды құтқарған

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұлды болды

Ақышев: 2017 жылы валюта бағамы тағы да еркін айналымда болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1341282-belsendi-bloger-qoghamnynh-dertinen-te.html