RU

ОҚО-да тамақтан уланған оқушы қыз бір айдан бері ес жия алмай жатыр

Оңтүстүік Қазақстан облысында 11 сыныптың оқушысы бір айдан бері жансақтау бөлімінде хал үстінде жатыр. Ол өз үйінде тұздалып, қысқа сақталған тағамдардың бірін жеген деп жазады Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап sn.kz.

Басымылмның хабарлауынша, өңірде ботулизм ауруын жұқтырғандар саны соңғы уақытта артып кеткен. Соңғы бірнеше айдың өзінде осынау қауіпті дертпен 12 адам ауруханаға түсіпті. Төртеуі әліге дейін өздеріне келе алмай, төсекке таңылған.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың барлығы да үйлерінде тұздалған баклажан немесе қозықұйрық, саңырауқұлақ жегендер.

Ботулизм - адам өміріне аса қауіпті жұқпалы ауру. Онымен ауырған адамның жүйке жүйесі зақымданады. Ботулизммен ауыру аяқасты басталады. Науқастың аузы құрғап, буындары әлсіреп кетеді және көру қабілеті төмендейді. Тағамды әзер шайнап, тынысы тарыла бастайды. Ботулизм әдетте тұздалып, консервіленген тағамдар арқылы жұғады.

Тағы да оқыңыздар:

Не себепті қазақтардың дені соғым жеуді тек түсінде көретін болған? (фото)

Ақмола облысында ақыл-есінде ауытқушылығы бар әйел жоғалып кетті

70 жастағы қария жарты тоннадан астам қан өткізіп, талай жанды құтқарған

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұлды болды

Ақышев: 2017 жылы валюта бағамы тағы да еркін айналымда болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1341430-oqo-da-taghamgha-ulanghan-oqushy-qyz-bir-ay.html