RU

Көңілдесімен кездескен әйел кішкентай балаларын тоғыз күн бойы қамап қойған

Украинаның Киев қаласында жантүршігерлік жағдай болды. Қатыгез әйел көңілдесімен кездесу үшін кішкентай балаларын тоғыз күнге үйінде аш-жалаңаш қамап кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік сайттарға сілтеме жасап хабарлайды.

Владислава Подшапко есімді 20 жастағы бойжеткен 23 айлық ұлы Даниил мен екі жасар қызы Аннаны үйіне қамап кетіп қалған. Тоғыз күн бойы көңілдесімен көңіл көтерген жалғызбасты ана өз балаларының аш-жалаңаш жатқанын еш ойламапты.

Қатыгез әйелдің жауапсыздығынан ұлы Даниил өліп кетсе, қызы Анна жансақтау бөлімінде өмірі үшін күресуде.

Владислава балаларына тоғыз күнге азық ретінде тек бірнеше тәттілер қалдырған. Әйел әбден қыдырып болып, тоғыз күннен кейін үйіне қайтқанда ұлы өлі күйінде жатты, ал қызы ес-түзсіз ауыр халде болған.

Балалар үйден шыға алмай қиналғаны соншалық, қабырғалардың қаптамаларын жыртқан. Көршілер болса, балалардың жылап жатқанын естігенімен, оларға көмекке келуді жөн санамапты.

Владиславаны жергілікті сот сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Ол полицейлерге "балалары тоғыз күнде өліп қалады деп ойламағанын" айтып ақталған.

Енді Анна әкесіне беріледі не болмаса балалар үйіне орналастырылатын болады.

Ал Владиславаны жергілікті халық өлім жазасына кесу керек деп шулап жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Не себепті қазақтар соғым жеуді тек түсінде көретін болған? (фото)

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын басқарған қылмыс әлемінің серкесі туралы не білеміз?

Атырауға әкім болғандар өз қосшыларын ертіп жүруді сәнге айналдырған

Еліміздегі әкімдер рейтингінде Қырымбек Көшербаев топ бастады

Белсенді блогер қоғамның дертінен теріс айналған Бекболат Тілеуханды сынға алды

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұлды болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1341621-konhildesimen-kezdesken-ayel-kishkent.html