RU

Ақтөбе тұрғыны: Салафиттердің мұнай ұрлаумен айналысатынын бәрі біледі

Ақтөбе қаласының тұрғыны арнайы жасақтың мұнай ұрлауға қарсы жүргізген операциясының қалай өткенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақтөбелік Мәди Раимовтың жазған хаты esquire.kz басылымында жарияланды.

Оның сөзінше, Ақтөбе жұртының мұндай жаңалыққа еті үйреніп кеткен. Осы жолы бұл туралы әңгіме қалада таңертеңнен бері ел аузында жүріпті. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің арнайы жасағы дәстүрлі емес ислам жолында жүргендердің құрықталғаны жөніндегі ақпаратты растамай, жай ғана оқу-жаттығудың өтіп жатқанын жеткізген еді. Ал ақтөбеліктер мұндай жаңалықтарға таң қалмайды.

Тек түс ауа 41-разъездегі Ақтөбе мұнай өңдеу зауытында мұнай және мұнай өнімдерін ұрлаудың алдын алу бойынша арнайы операция өтіп жатқаны белгілі болды. Оның арты салафизм өкілдерін құрықтауға жалғасқан.

«Ақтөбе мен облыста мұнай ұрлаумен дәстүрлі емес дін өкілдері, салафиттер айналысатынын біз жақта бәрі де біледі», - дейді автор.

Ақтөбе облысында мұнай ұрлауға қатысты ең шулы оқиға 2011 жылы Шұбарши кентінде орын алған.

«Менің «Актөбемұнайөңдеу» мекемесінде жұмыс істейтін досым 40 адамнан тұратын арнайы жасақтың ғимаратқа басып кіргені жайында айтып берді. Бәрі кинодағыдай болған: бетперде, автомат, ешкімді тырп еткізбеген. Ұлттық қауіпсіздік қызметі ішкі істер министрлігінен, жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросынан көмекке қол сұраған», - дейді Мәди Раимов.

Оның айтуынша, қылмыстық топтың бірнеше мүшесі құрықталған, олардың бәрі де салафиттер. Олардан мұнай және мұнай өнімдері толтырылған автоцистерналар тәркіленді.

«Неліктен дәл осы салафиттер мұнай ұрлаумен айналысып жүр? Мұның екі себебі бар. Олардың көпшілігі жұмыссыз, және олардың пікірінше, мұнай батысқа кетіп жатыр. Ал батыс дегеніміз – кәпірлер. Олардан мұнайды ұрлауға болады. Ақтөбе облысында ең ірі мұнай кен орны Кеңқияқта орналасқандықтан ол жақта дәстүрлі емес дінді ұстанатындар көп. Ол жақтан мұнайды ұрлап алып, кіші мұнайөңдеу зауыттарына сатады. Олар үшін арзан мұнай таптырмас байлық. Бұл жүйе батыс Қазақстанда он жылдан бері бар», - дейді автор.

Тағы оқыңыздар:

Із-түзсіз жоғалып кеткен "Болашақ" студенті АҚШ-тан табылды

Бүгін Қазақстанның үш қаласында жер сілкінісі болды

Бояуды өкіртіп жағатын Ділназ Ахмадиева ешкім күтпеген шешім қабылдады

Головкин қарсыласымен ақшаға бола келісе алмай қалды

Марқұм анасын еске алған Бейбіт Қорған тыңдармандарын жылатты (видео)

Көңілдесімен кездескен әйел кішкентай балаларын тоғыз күн бойы қамап қойған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1341751-aqtobe-turghyny-salafitterdinh-munay-u.html