RU

Сықырлаған аязда жаздық киіммен жүретін әйел жұртты таң қалдырды

Тольяттиде Галина есімді ерекше әйел тұрады. Оның жұрттан ерекшелігі - әйелдің қақаған қыстың суғында жаздық киіммен жүретінінде деп хабарлайды NUR.KZ.

Галинаның айтуынша, өзі тіпті суықты сезбейді екен. Осылайша, ол аурулармен күреседі. Ал бұқаралық ақпарат құралдары болса бойжеткенді нағыз Ақшақар деп атап кеткен.

Галина Кутерева қыстың суығына қарамастан, тек жеңіл киіммен жүретініне 10 жылдан астам уақыт болған. Ол желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізіп отырады. Галина қыста жаздық киміммен серуендеп жүрген суреттерін желіге жиі салып тұрады.

"Кейбір адамдар менің жаздық аяқ киіммен жүргенімді қарап бірден назар аударады. Олардың ойынша менің аяғым тоңады, алайда тіпті олай емес. Керісінше менің осыдан кейін есту қабілетім жақсарып, көзім жақсы көріп, есту сақтау қабілетім де жақсарды", - дейді Галина.

Қазір Галинаның жасы 54-те. Алайда күйеуі мен бойжеткен қызы бар әйелді көріп, оны үнемі жас қызға теңеп жатады.

Галинаның күйеуі де онымен бірге ағзасын шынықтырады екен. Галинаның айтуынша, осылай шынығу арқылы күйеуі қатерлі ісікті өршуінен құтылған.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбе тұрғыны: Салафиттердің мұнай ұрлаумен айналысатынын бәрі біледі

Мұнай ұрлығын басқарған Еркін Ізбасаров елу жасын дүркіретіп тойлаған

Отбасылы офицер бойжеткенді бір жыл бойы алдап, 5 мың долларын алып кеткен (фото)

Мирзияев президент ретіндегі алғашқы сапарын Ресейге жасайтын болды

Сарапшылар 2017 жылдың ең басты қатерлерін атады

Алматылықтар ақ аюдың 27 жасқа толған күнін дүркіретіп атап өтті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1341897-syqyrlghan-ayazda-zhazdyq-kiimmen-zhuret.html