RU

Бір-бірімен айтысқан егіздерге Балғынбек Имашев батасын берді (фото)

Сан ғасырлық тарихы бар айтыс өнерінде тұғыш рет егіздер айтысты. Астанадағы №51 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өткен мерекелік шарада Сарыбай Ерасыл мен Бекасыл айтысып, ұлттық өнерімізді дәріптеді деп хабарлайды Егемен Қазақстан басылымы.

Алғаш рет мектеп сахнасында тұсауы кесіліп, айтыс өнеріне қанат қаққаған оқушыларға айтыскер ақын Балғынбек Имашев батасын берді.

«Мен айтысты көп зерттедім. Тарихқа көз жүгіртсек, әке мен бала, атасы мен келіні, ағасы мен інісі, туыстық қатынастағы адамдардың айтысы бар. Ал анасының құрсағынан егіз болып туылған жандардың айтысын бірінші рет көріп тұрмын. Егер бұл балалар ұлттық өнерімізді қастерлеп, домбыраны қолдарынан тастамай айтысқа бет бұрса, тарихтағы тұңғыш айтысқан егіздер болып қалады», – деді ол.

Сонымен қатар, Балғынбек Имашев жас айтыскерлерге батасын еріп, екеуінен үлкен үміт күтетінін жеткізді.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбе тұрғыны: Салафиттердің мұнай ұрлаумен айналысатынын бәрі біледі

Мұнай ұрлығын басқарған Еркін Ізбасаров елу жасын дүркіретіп тойлаған

Отбасылы офицер бойжеткенді бір жыл бойы алдап, 5 мың долларын алып кеткен (фото)

Мирзияев президент ретіндегі алғашқы сапарын Ресейге жасайтын болды

Сарапшылар 2017 жылдың ең басты қатерлерін атады

Алматылықтар ақ аюдың 27 жасқа толған күнін дүркіретіп атап өтті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342028-bir-birimen-aytysqan-egizderge-balghy.html