RU

Астанада төртем дүниеге келді (фото, видео)

2-ші желтоқсан күні ҰҚК Шекара қызметінде қызмет ететін әскери қызметшінің отбасында төртем дүниеге келді деп хабарлайды ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Сәбилер Астананың №1 перинаталдық орталығында кешкі 17:33-те дүниеге келген.

Шекара қызметінің «Астана» бақылау-өткізу бекетінде қызмет атқаратын прапорщик Асхат Спановтың отбасында екі ұл, екі қыз бір мезгілде туылған.

Асхат пен Салтанат үшін бұл ұзақ күткен жаңалық болғандығы жасырын емес. Көпбалалы ата-аналар өздерінің жүрекжарды қуаныштарымен шын көңілден бөлісіп, Астана қаласындағы №1 әйелдер босанатын орталықтың медицина қызметкерлеріне алғыстарын айтуда.

"Алғашқыда бізге үшем болатындығын айтқан болатын, ал төртем болған кезде біз тіпті қуандық. Жүктілік кезінде мен дәрігерлердің жіті қадағалауында болдым, күйеуім де мені жақсы қолдап, қолынан келген көмегін аяған жоқ", - дейді өзінің қуанышын бөліскен жас ана Салтанат Спанова.

Көпбалалы отбасының әкесі де өзінің қуанышын жасыра алмай, алғашқы әсерімен бөлісті. Сәбилердің дүние есігін ашқандығы туралы жаңалықты әскери қызметті атқарып жүрген кезде әйелдер босанатын орталықтың дәрігерлерінен естіпті.

Асхат та қатты қуанғаны сонша ең алдымен ата-анасына хабарласып, қуанышты жаңалықты жеткізіпті. Жоғарыда аталған орталықтың меңгерушісі Клара Бектұрсынованың сөзіне қарағанда, жаңа босанған ананың да, өмір есігін жаңа ғана ашқан сәбилердің де денсаулығы ойдағыдай, өздерін жақсы сезінуде.  Десе де, олар әлі де дәрігерлердің бақылауында болады.

Асхаттың айтуынша, үйдегі әжесінің көмегімен сәбилерге Әрсен, Әлихан, Диара және Әдел деген ат қойған.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбе тұрғыны: Салафиттердің мұнай ұрлаумен айналысатынын бәрі біледі

Мұнай ұрлығын басқарған Еркін Ізбасаров елу жасын дүркіретіп тойлаған

Отбасылы офицер бойжеткенді бір жыл бойы алдап, 5 мың долларын алып кеткен (фото)

Мирзияев президент ретіндегі алғашқы сапарын Ресейге жасайтын болды

Сарапшылар 2017 жылдың ең басты қатерлерін атады

Алматылықтар ақ аюдың 27 жасқа толған күнін дүркіретіп атап өтті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342036-astanada-tortem-duniege-keldi-foto-vi.html