RU

Бүгін Иманғали Тасмағамбетов 60 жасқа толды (фото)

Бүгін - үкімет басшысының орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтың туған күні. Саяси қайраткер алпыс жасқа толған мерейтойын тойлайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Иманғали Нұрғалиұлы 1956 жылы 9 желтоқсанда Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген.

Ол 1979 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (бұрынғы Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты) жаратылыстану-география факультетінен «география және биология пәні мұғалімі» мамандығын алып шыққан. Философия ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы.

Иманғали Тасмағамбетов жұбайы Клара Бекқұловамен университеттің бірінші курсында танысып, оқуды аяқтар жылы шаңырақ көтерген. Вице-премьердің екі қызы, бір ұлы бар.

Үлкен қызы Әсел Тасмағамбетова заңгер мамандығы бойынша тәлім алған. Оның жолдасы – Қазақстандағы ең бай адамдардың қатарында тұрған белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев. Екінші қызы – Софья Тасмағамбетова қоюшы-суретші ретінде танымал.

Иманғали Тасмағамбетов қоғамдық-саяси өмірде бүкілодақтық коммунистік жастар одағы орталық комитетінің бірінші хатшысы ретінде, одан соң еліміздегі жастар ісі бойынша мемлекеттік комитеттің төрағасы қызметінде белсенділік таныта бастады.

Тәуелсіздікдің алғашқы жылдарында Тасмағамбетов ел президентінің сенімді көмекшісінің бірі ретінде танылды. Ел үкіметін басқарды.

Алматы әкімі қызметін атқарып тұрған уақытта Тасмағамбетов есімі дауға қалған болатын. 2006 жылы Шаңырақта орын алған жағдай оның атына біршама нұқсан келтірді. Алайда алматылықтардың көпшілігі ол жетекшілік еткен тұсқа қатысты оң пікір айтудан жалыққан емес. Сол кездегі жаңадан салынған жол айрықтары, қарқынды құрылыс және қала тазалығы үшін ұдайы өткізіліп тұратын сенбіліктер алматылықтардың есінде.

Ол әкім болған Атырау, Астана қалаларының тұрғындары да Тасмағамбетов туралы жақсы көзқараста.

Иманғали Тасмағамбетов елорданың бесінші әкімі болды. Ол бас қаланы бақандай алты жыл басқарды. Тасмағамбетов Астанада үлескерлер мәселесімен шындап айналысқан шенеунік. Тасмағамбетовтың құрылыс нысандарын аязды күндері де аралап, өз бақылауында ұстағанын көпшілік біледі.

Тасмағамбетов осыған дейін тұтқасын ұстаған қорғаныс министрі лауазымын да абыроймен атқарды. Астанада көпмақсатты маневрлік бронемоблильдердің өндірісі жолға қойылды. Ал, 2016 жылдың көктемінде қорғаныс министрлігі қазақстандық алғашқы патрон зауытының құрылысын бастады. Сондай-ақ, жеңістің 70 жылдығына орай бұрын-соңды болмаған ірі әскери шеру, халықаралық «KADEX-2016» көрмесін жоғары деңгейде өткізе білді.

Иманғали Нұрғалиұлының тарих, археология және этнографияға жаны жақын. ЮНЕСКО аясында ол қазақ мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің мерейтойларын өткізуге атсалысты.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде салафи бағытын ұстанатын қауіпті қылмыскерлер ұсталып жатыр (фото)

Оңтүстікте әйелін төркініне әкеліп тастаған азамат ұлымен Өзбекстанға қашып кеткен

Ақтөбеде қорғанамын деп күйеуін өлтіріп алған келіншек ақталып шықты

Қайрат Нұртас, Дмитрий Баландин мен Әділбек Ниязымбетов "Дарын" сыйлығын алды (фото)

Сапарбаевтың жұмыс істеуіне тәнті болған бойжеткен мемқызметкер болуды армандауда

Василий Левит миллиондаған сыйақысын жұмсайтын уақыт таппай жүр

Қырғызстан Сирияға барып келген азаматты 13 жылға соттап жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342049-bugin-imanghali-tasmaghambetov-60-zhasqa-t.html