RU

Ақтөбелік әйел желіде жеке өмірін қызу талқылаған ата-ананы сотқа берді

Әйелдер әлеуметтік желіде бір-бірінің жеке өмірлерін қызу талқылаған. Ақыры ата-аналардың бірі 200 мың теңге моральдық шығын талап етіп, сотқа шағым түсірген деп хабарлайды "Керек инфо".

Ақтөбе қалалық соты талапкер К.-ның жауапкер Б.-ға ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау және 200 000 теңге көлемінде моралдық залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Облыстық соттың хабарлауынша, талапкер өз талап арызын жауапкердің WhatsАpp мессенджері арқылы мектеп оқушыларының ата-аналары құрамына арналған топта, ар-намыс, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұмат таратқанымен уәждеді. Өз іс-әрекетімен жауапкер талапкерге моралдық залал келтіріп, сол себепті талапкер жауапкерден 200 000 теңге өндіруді сұрады.

Сотта әйелдер медиатордың көмегімен келісімге келген. Жауапкер WhatsАpp мессенджері арқылы мектеп оқушыларының ата-аналар құрамына арналған топта, ата-аналар жиналысында кешірім сұраған. Талапкер жанұясынан ресми түрде кешірім сұрайды. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбе тұрғыны: Салафиттердің мұнай ұрлаумен айналысатынын бәрі біледі

Мұнай ұрлығын басқарған Еркін Ізбасаров елу жасын дүркіретіп тойлаған

Отбасылы офицер бойжеткенді бір жыл бойы алдап, 5 мың долларын алып кеткен (фото)

Мирзияев президент ретіндегі алғашқы сапарын Ресейге жасайтын болды

Сарапшылар 2017 жылдың ең басты қатерлерін атады

Алматылықтар ақ аюдың 27 жасқа толған күнін дүркіретіп атап өтті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342072-whatsapp-ta-bir-birininh-zheke-omirlerin-qyzu-t.html