RU

Ақтөбеде қорғанамын деп күйеуін өлтіріп алған келіншек ақталып шықты

Ақтөбе облысы, Алға ауданының тұрғыны Кауканова күйеуінен қорғанып, оған пышақ сұғып алған. Жәбірленуші бірер минут ішінде көз жұмды деп хабарлайды Baq.kz.

Үй ішіндегі дау-жанжалдың соңы өліммен аяқталып, оқиға орнында қамауға алынған 28 жастағы келіншек қылмыстық жауапқа тартылды. Бүгін бір баланың анасы сот залынан босап шықты.

Бүгін Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 28 жастағы келіншектің ісіне қатысты сот үкімі шықты. А.Кауканова ішімдік ішіп, кейін өзін ұрып-соққан күйеуінен қорғанған.

Ас үйде жанжалдасып, кейін оқтаумен ұрған күйеуі оның денесін зақымдап, жұдырықтаған. Өз өмірі мен денсаулығын қорғап қалуды ойлаған А.Кауканова пышақ ала жүгірген күйеуінің қолын қайырып, жағаласқан. Қолы қайырылған күйеуінен әл кетіп, сол арада пышақ жүрек тұсына барып қадалады. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

«Сот азаматша К-нің бұл әрекетін әйел адамның қажетті қорғану іс-әрекеті деп бағалап, қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтады. Азаматша К.сот залында қамаудан босатылды. Қылмыстық істі қарау нәтижесінде облыстық ІІД бастығы мен облыстық прокуратураға сотқа дейінгі тергеу өндірісін біржақты жүргізгені және қылмыстық істі жан-жақты, обьективті тергемегендері үшін жеке қаулы шығарылды»,- деді судья Ахмеджан Молдағалиев.

Айта кетейік, 28 жастағы А.Кауканова Қылмыстық кодекстің «Кісі өлімі» және «Қорғану мақсатында адам өлтіру» бабы бойынша сот алдында жауап берді. Ол 8 ай бойы түрмеде отырды.

Ал оны үйінде 3 жасар баласы күтіп отыр. Бүгін сотқа қатысқан тума-туыстары А.Кауканованың бостандыққа шыққанын көріп, қуаныштан жылап жіберді.

Тағы оқыңыздар:

Астанада төртем дүниеге келді (фото, видео)

Левит пен Ниязымбетов тағы 34 миллион теңгеден сыйақы алды (фото)

Бір-бірімен айтысқан егіздерге Балғынбек Имашев батасын берді (фото)

Сықырлаған аязда жаздық киіммен жүретін әйел жұртты таң қалдырды

Отбасылы офицер бойжеткенді бір жыл бойы алдап, бес мың долларын алып кеткен (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342213-aqtobede-qorghanamyn-dep-kuyeuin-olti.html