RU

Допинг дауына іліккен спортшылар елімізді әлем алдында тағы бір масқаралады

Допинг дауына іліккен спортшылар елімізді әлем алдында тағы бір масқаралады. Себебі, Қазақстан рұқсат етілмеген дәрілерді ең көп қолданатын мемлекеттердің дүние жүзі бойынша қара тізімінде екінші орында тұр екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Америкалық "Fox Sport" телеарнасы жасаған кестенің басында Ресей тұр. Теріскейдегі көршілер допинг дауынан кейін бірден 19 олимпиада медалін кері қайтарып берген. Ал одан кейінгі орынға 9 жүлдесінен айырылған Қазақстан орналасыпты.

Тізімді ары қарай Беларусь, Украина, Армения жалғастырады. Телеарна мәліметінше допингті ең көп қолданатын спортшылар қатарына зілтеміршілер, жеңіл атлеттер мен балуандар жатады екен.

Мәселен, биылдың өзінде Илья Ильин бастаған бір топ ауыр атлеттер мен өзге де спортшыларымыз Бейжің мен Лондонда жеңіп алған медальдарын қайтарып беруі тиіс деген шешім қабылданды.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде салафи бағытын ұстанатын қауіпті қылмыскерлер ұсталып жатыр (фото)

Оңтүстікте әйелін төркініне әкеліп тастаған азамат ұлымен Өзбекстанға қашып кеткен

Ақтөбеде қорғанамын деп күйеуін өлтіріп алған келіншек ақталып шықты

Қайрат Нұртас, Дмитрий Баландин мен Әділбек Ниязымбетов "Дарын" сыйлығын алды (фото)

Сапарбаевтың жұмыс істеуіне тәнті болған бойжеткен мемқызметкер болуды армандауда

Василий Левит миллиондаған сыйақысын жұмсайтын уақыт таппай жүр

Қырғызстан Сирияға барып келген азаматты 13 жылға соттап жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342340-doping-dauyna-ilikken-sportshylar-eli.html