RU

Танымал әнші Гаухар Әлімбекова қырық бес жасында тұрмыс құрды

Оң босағада отырып қалған қыздар қатарынан көрініп жүрген Гаухар Әлімбекова тұрмыс құрып, сүйікті жар атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнадағы "Ұят емес" бағдарламасында айтты.

Әншінің бүгінде тұрмыс құрып, жар атанып үлгергенін жалпақ жұрт біле бермейді. "Ақ келін" деп аталатын әнімен талай қазақ қызы жат жұрттық болғанымен, оның өзінің ұзату тойын көпшілік көптен бері күткен-ді. Енді, міне, бүгінде 45 жасқа келген әнші өз бақытын жолықтырғанын айтады.

Әншінің айтуынша, үйлену тойы әлі болмағандықтан, ел оның тұрмыс құрған-құрмағанынан хабардар емес.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың тамыз айында ол "Жұлдыздар отбасы" журналына сұхбат беріп, әлі де өзінің теңі болатын ер-азаматты кездестірмегенін айтқан болатын.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде салафи бағытын ұстанатын қауіпті қылмыскерлер ұсталып жатыр (фото)

Оңтүстікте әйелін төркініне әкеліп тастаған азамат ұлымен Өзбекстанға қашып кеткен

Ақтөбеде қорғанамын деп күйеуін өлтіріп алған келіншек ақталып шықты

Қайрат Нұртас, Дмитрий Баландин мен Әділбек Ниязымбетов "Дарын" сыйлығын алды (фото)

Сапарбаевтың жұмыс істеуіне тәнті болған бойжеткен мемқызметкер болуды армандауда

Василий Левит миллиондаған сыйақысын жұмсайтын уақыт таппай жүр

Қырғызстан Сирияға барып келген азаматты 13 жылға соттап жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342404-tanymal-anshi-gaukhar-alimbekova-turmy.html