RU

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

Қыдырәлі Болманов тоқал туралы әңгімені халықтың назарын көктемде елде орын алған жер дауынан ойыстыру үшін ойлап тапқанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарақаттың «күйеуіме тоқал сыйлаймын» деген мәлімдемесі таза маркетингтік қадам екенін белгілі продюсердің Время газетіне берген сұхбатынан белгілі болды.

«Қарақаттың маған тоқал сыйлаймын дегені - менің шарасыздықтан ойлап тапқан маркетингтік қадамым. Мен мұндайға бірінші рет барып отырмын. Тәуекел еттім. Өйткені маған сол кезде елімізде қызу талқыланып жатқан тақырыптан халықтың көңілін қалай да басқа нәрсеге аудару керек болды. Ол 19 мамыр еді, еліміз толқып жатқан кез», - дейді Қыдырәлі Болманов.

Тоқал тақырыбын ойлап тапқан продюсер осылайша жұрттың назарын жер мәселесіне қатысты даудан аудармақ болған.

«Мен арнайы Астанадан Алматыға ұшып келіп, осы туралы ағаларыммен, бауырларыммен, әріптестеріммен ақылдастым. Сол уақытта адамдар менен: «Алаңға шықсақ қалай болады?», - деп сұрап жатты. Маған қиын болды. Қарақат қана менің шарасыздықтан көзіме жас алғанымды көрді. Ұйықтай алмадым. Таңертең маған бір ой келді», - деп әңгімесін жалғастырды ол.

Қыдырәлі Болманов жары Қарақатқа желідегі парақшасына тоқал туралы жазба қалдыруын өзі өтініпті.

«Басында оңай болмайды бізге. Бірақ оны да көтереміз», - деп Қарақатты көндірдім. Сөйтіп жастар алаңға шықпады. Біз міндетімізді орындап шықтық. Әлеуметтік желіде барлығы тоқал тақырыбын талқылап кетті», - дейді Болманов.

Тағы оқыңыздар:

Бүгін Иманғали Тасмағамбетов 60 жасқа толды (фото)

Еуроодақ Қазақстанның барлық әуекомпаниясын "қара тізімнен" алып тастады

Билік басындағылар Аллаға ашық түрде құлшылық етіп, жұма намазына қызметтік көлікпен келетін болған

Допинг дауына іліккен спортшылар елімізді әлем алдында тағы бір масқаралады

Пәкістандағы әуе апатынан қаза тапқан 40 адамның денесі табылды

Василий Левит миллиондаған сыйақысын жұмсайтын уақыт таппай жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342570-qydyrali-bolmanov-toqal-alu-turaly-anh.html