RU

Нөмірі бірінші басшылардың өміріне кім жауапты?

Олар  төбелеске толы фильмдердегі сияқты қара көзілдірік, қара костюммен құлағына микрофон тағып жүреді. Ал кейде оларды қарапайым халықтың ішінен ажырата алмай қалуыңыз мүмкін. Олар көліктің қауіпсіздігін тексереді, өз клиенттері кіретін ғимараттар мен бөлменің қауіпсіздігін қадағалайды, өздері байланысатын адамдар туралы мәлімет іздейді.

NUR.KZ шетелдік басылымдарға сілтеме жасай отырып, президенттердің оққағарлары туралы мәліметті назарларыңызға ұсынады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне Қазақстан Республикасы президентінің күзет қызметі жауапты.

2002 жылы Президенттің күзет қызметіне Амангелді Шабдарбаев басшылық етті.

2009 жылы ол қызметінен босатылады.

АҚШ президенті Барак Обама

АҚШ президентінің қауіпсіздігі АҚШ Құпия қызметінің қолында. Олар басқа елдердің қауіпсзідік қызметтеріемн салыстырғанда, өздері туралы ашық айтып, тіпті жеке сайттарын да ашып қойған.

Обаманы 3 200 арнайы агенттер, 1 300 қосымша күзет қызметі өкілдері қорғайды.

Ең алғаш билікке келген қара нәсілды болғаннан кейін, олар үшін Обаманың президенттік кезеңі өте ауыр болғанын айтады.

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп

Дональд Трамп өзінің қауіпсіздігіне аса мұқият қарайды. Ол өзін қорғауға АҚШ-тың аты әлемге әйгілі "Теңіз мысықтары" арнайы жасағының өкілдерін таңдап алған.

Ол тіптен президент болмай тұрып та өзі жасақтың кәсіби өкілі Кит Шиллерді жеке оққағары ретінде таңдап алған.

Ресей президенті Владимир Путин

Ресей президентін Федералды күзет қызметі "күзетеді".  Ол Ресейдегі ең құпия арнайы жасақ саналады. Оның құрамында бүгінде 50 мың агент бар.

Бұл агенттер Мәскеудің 12 көшесіне бақылау жасап, бүкіл жергілікті тұрғындарды уысында ұстайды.

Рим папасы

Рим папасының күзет қызметі тіптен ерекше. Олар арнайы киім мен қару-жарақты ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша жасақтайды.

Олардың тарихы 500 жылға созылады. Олардың құрамында 135 адам бар.

Рим папасын қорғауға үйленбеген, жасы 19 бен 30-дың аралығындағы жігіттер алынады.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз қайтыс болды (фото)

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Алматылықтар жаңа жылды көктемгі көңіл күймен қарсы алады

Еріктілер: Алматыда жоғалған курсант полициядан қасақана қашып жүр

Зұлым кейіпкерге ұқсағысы келген жігіт мұрнының ұшын кесіп тастады

Жомарт ата-ана қызының туған күніне 1 миллион қонақ шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342625-nomiri-birinshi-basshylardynh-omirine-k.html