RU

Жігітінің қасына жақын тұрған қызға көпшілік алдында дүре соғылды

Индонезияның Ачех провинциясы шариғат заңын мемлекеттік деңгейде қолданатын аймақтардың бірі. Өткен аптада жігітінің қасында жақын тұрғаны үшін бойжеткенге дүре соғылды.

Мұнда болмашы ғана кінәсі үшін ауыр жаза арқалайтын әйелдер көп.

Мәселен, мына бойжеткенге жігітінің қасына жақын тұрып әңгімелескені үшін 23 рет дүре соғылды.

Ол мұндай жазаға тартылған 13 қыздың бірі.

Көпшіліктің алдында жазасын өтеген қыздардың дені 21 мен 30 жас аралығында.

Мұнда тұрмысқа шықпаған қыздарға жігітінің қасына жақындап, тіпті, қолынан да ұстауға болмайды.

Жақында өз күйеуі бола тұра басқа еркекпен әңгімелескен әйел де ел көзіне түсті. Алайда, ол жүкті болғандықтан, жазасын босанғаннан кейін өтейді.

Тағы да оқыңыздар:

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

Астанада көпбалалы отбасыға Назарбаевтың атынан адам ұяларлық сыйлық табыстаған (фото)

Ақтөбе тұрғыны Путинді фашист деп атағаны үшін сотталып жатыр

Еуроодақ Қазақстанның барлық әуекомпаниясын "қара тізімнен" алып тастады

"ЭКСПО"-ны салу барысында қанша адамның қайтыс болғаны анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342674-zhigitininh-qasyna-zhaqyn-turghan-qyzgha-k.html