RU

Еріктілер: Алматыда жоғалған курсант полициядан қасақана қашып жүр

Еріктілер 18 күннен бері хабар-ошарсыз кеткен Ахат Исмагиловты іздеу шараларын тоқтатып тастады. Олардың ойынша, іздеген адамы қашып жүр деп хабарлайды КТК арнасы.

Ахат Исмагилов 18 күн бұрын сабақтан сұранып шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Білдей Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының курсанты құқық қорғау орындарын да, еріктілерді де аяғынан тік тұрғызды. Анасы да Теміртаудан дереу жетіп, көше кезіп перзентін іздеген еді. Енді, міне, еріктілер оның ешқайда жоғалмағанын айтып отыр. Олардың ойынша, жігіт жасырынып жүр.

"Ол бет-жүзін жасырып, өзін іздеген адамдардан қашып жүр. Жігіттің аман-сау көше кезіп жүргенін бірнеше адам көрген. Ал біз оны табу үшін барымызды салдық. Қаншама қаражат жұмсадық, жүйкемізді жұқарттық. Ол бұған мүлдем лайықты емес. Сондықтан біз іздеу шараларын тоқтатамыз", - дейді «Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі» бастамашыл тобының мүшесі Ислам Угушев.

Курсанттың қаланың қақ ортасында жайбарақат жүргенін бірнеше адам көріпті. Тіпті банкоматтан ақша алып жатқаны камераға түсіп қалған. Ал перзентін таппаған анасы амалсыздан үйіне қайтып кетіпті. Ол баласының қашып жүргені рас болса, бұған оны Ішкі істер академиясында болған жағдай итермелеген деп отыр.

"Академиядағылар жақ ашып ештеңе айтар емес. Ештеңе білмейміз дейді. Менің ойымша, балама сол жерде бірдеңе болған. Одан хабар алмағаныма 18 күн өтті. Құқық қорғау орындарының да жұмысы нәтижесіз", - дейді Ахат Исмагиловтың анасы Татьяна Синева.

Жігіттің академиядан тез арада кеткісі келгені де белгілі. Дегенмен, тәртіп сақшылары әлімжеттік туралы әңгімені бірден жоққа шығарған. Ал, курсанттың қасақана қашып жүргенін растап отыр.

"Өз еркімен кетіп, өз туыстарымен хабарсыз кетіп отыр. Яғни ол Алматы қаласының төңірегінде екені мәлім. Яғни шығып кеткен жоқ", - дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жігітті өзі оқыған академиядағылар да сабыла іздеп жүр. Ал құқық қорғау орындары курсантты жақын арада тауып, ата-анасына сау күйінде жеткіземіз деп сендіруде.

Тағы да оқыңыздар:

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

Астанада көпбалалы отбасыға Назарбаевтың атынан адам ұяларлық сыйлық табыстаған (фото)

Ақтөбе тұрғыны Путинді фашист деп атағаны үшін сотталып жатыр

Еуроодақ Қазақстанның барлық әуекомпаниясын "қара тізімнен" алып тастады

"ЭКСПО"-ны салу барысында қанша адамның қайтыс болғаны анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342712-erkitiler-almatyda-zhoghalghan-kursant.html