RU

Жомарт ата-ана қызының туған күніне 1 миллион қонақ шақырды

Мексикалық Руби Ибарра Гарсияның 15 жасқа толуына орай ұйымдастырылатын туған күн кешіне миллион қонақ келмек деп хабарлайды NUR.KZ.

Қыздың ата-анасы әлеуметтік желіге жазып қалдырған шақыру бейнежазбасына миллионға жуық адам келуге ниетті екенін білдірген.

Мексикада Рубидің туған күні қызу талқыланып жүрген тақырыптардың бірі. «Біз сіздерді 26 желтоқсанда Ла-Хойа елдімекеніне қызымыздың 15 жасқа толуына орай салтанатты кешке шақырамыз», - деген әкесі бейнежазбаны бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіге орналастырыпты. Ол туған күнге келіп көңіл көтеруге атсалысатын музыкалық топтарды да атап өткен.

Содан соң мыңдаған адам ауыл мерекесіне баруға дайын екендерін айтқан. Қазір олардың саны миллионға жуықтайды. Тіпті олардың жүзден бірі келсе де Рубидің отбасының оларды күтуге шамасы жетпеуі мүмкін. Өйткені олар тұратын елдімекенде бар болғаны 200 адам тұрады.

Рубидің туған күніне шетелден де қонақтар келеміз деп отыр. Бұл жергілікті биліктің уайымына айналды. Жергілікті депутат Роберто Эрнандес мыңдаған адамның қауіпсіздігі үшін азаматтық қорғаныс күштері мен Қызыл крестті тартып арнайы операция жүргізбек.

"Біз қыздың ата-анасына көмек ұсынамыз. Бұл біздің округке әсер ететін әлеуметтік желіде туындаған феномен,», - деді депутат.

Қарапайым адамдармен қатар мұнда шоу-бизнес жұлдыздары мен Veracruz футбол командасы да келмекші.

15 жасқа толу мерекесі Мексикада танымал. Оны осы жасқа келген кез келген бойжеткен тойлайды. Оның маңызы үйлену тойынан кем емес.

Тағы да оқыңыздар:

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

Астанада көпбалалы отбасыға Назарбаевтың атынан адам ұяларлық сыйлық табыстаған (фото)

Ақтөбе тұрғыны Путинді фашист деп атағаны үшін сотталып жатыр

Еуроодақ Қазақстанның барлық әуекомпаниясын "қара тізімнен" алып тастады

"ЭКСПО"-ны салу барысында қанша адамның қайтыс болғаны анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342813-zhomart-ata-ana-qyzynynh-tughan-kunine-bu.html