RU

Қасиетті Рамазан айында қос жанарынан айырылып қалған жігіттің арманы

Бұл қайғылы оқиға биылғы жылы қасиетті Рамазан айында орын алған деп жазады Muslim.kz.

Мадина шаһарындағы Пайғамбар мешітінің қауіпсіздігіне жауап беретін Төтенше жағдайлар министрілігіне қарасты бөлімшеде қызмет атқаратын Хисам ас-Субхи сол күні өзінің әріптестерімен бірге ауладағы дастарханға жайғасып, ауыз ашуға кіріскен болатын.

Кенет көпшілік арасынан қолына қорап ұстаған белгісіз жан жүгіріп шығып, мешітке қарай бет алады. Оны тоқтатуға тырысқан төрт әскери оқиға орнында жан тапсырады. Ал, Хисам ас-Субхи жарылыстан тірі қалғанымен, қос жанарынан айырылады.

«Біз ауыз ашуға енді кіріскен едік. Кенет қасымыздан қолында қорабы бар белгісіз біреу өте шықты. Біз оны тамақ тасып жүргендердің бірі болар дегенбіз. Сол-ақ, гүрс етіп жарылыс болды. Қасымдағы жолдастарымның төртеуі де қаза тапты», – дейді Хисам.

25 жастағы Хисам бала кезінен әскери болуды армандаған екен. Алайда, тағдыр оны бұл арманымен ұзақ қауыштырмады.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз қайтыс болды (фото)

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Алматылықтар жаңа жылды көктемгі көңіл күймен қарсы алады

Еріктілер: Алматыда жоғалған курсант полициядан қасақана қашып жүр

Зұлым кейіпкерге ұқсағысы келген жігіт мұрнының ұшын кесіп тастады

Жомарт ата-ана қызының туған күніне 1 миллион қонақ шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342912-qasietti-ramazan-ayynda-qos-zhanaryna.html