RU

Алматы алмасы мен Есік қызанағы – енді Juicy шырынында

Көптеген қазақстандықтар жақсы көретін Juicy шырыны биылдан бастап жергілікті шикізаттан өндірілетін болады, ал жаңа жылдық дастарқандарыңызды, «Алматы алмасы- Juicy» және «Есік қызанағы- Juicy» шырындарымен жайнатып қоя аласыздар. Оларды бүгіннен бастап дүкендерден сатып алуларыңызға болады. Топтама шектеулі, сондықтан Raimbek компаниясының жаңа өнімін татып көру мүмкіндігін пайдаланып қалыңыздар.

Raimbek-тің жеміс бақтары индустриалды жеміс шаруашылығын жандандыру туралы мәселе енді ғана көтерілген кезде, осыдан тоғыз жыл бұрын салынған болатын. Алматыдан үш жүз шақырым жерде орналасқан, ондаған гектар жер, алма, алхоры, шабдалы және өрік ағаштарына деп белгіленген болатын. Ұйғыр ауданының Бахар кентіне жақын жерлер кездейсоқ таңдалған жоқ: мұндағы бір қалыпты, жайма шуақ климат, жеміс-жидектер өсіруге қолайлы.

Raimbek бақтарының қарқынды технологиялары бойынша ұйымдастырылған алғашқы өнімі, құрылғаннан бастап, екі жылдан соң жиналды. Бүгінде онда алманың әлемге әйгілі сұрыптары GoldenDelicious, Gala, Florina, RedChief, Braeburn, GrannySmith, Fuji және т.б., сондай – ақ, алхоры, шабдалы, нектариндер өсірілуде.

«Өнімді меншікті шикізаттан өндіру – бұл біздің жай ғана стратегиямыз емес, бұл міндетіміздің деңгейі. Біз өз өнімдерімізде, меншікті шикізаттардың басым болғанын қалаймыз. Біздің кішкентай ғана бағымыздың алмаларын ұқсатуға жібереміз. Сол себепті, біздің өнімдер өз алмаларымыздан болады», - дейді Raimbek холдингінің басшысы Райымбек Баталов.

Raimbek бақтары – қарқынды. Бұл барлығымызға үйреншікті алма ағашына қарағанда, екінші жылға қарай бірнеше есе көп өнім беретін, тырбиған, арнайы сұрыпты ағаштар өсіріледі деген сөз. Олар тамшылап суарылады. Көшеттер мен бақтарды жайластыруға қажетті жабдықтар шет елдерден әкелінген: Қазақстанда әлі күнге дейін не көшеттіктер, не мұндай жабдықтар өндірушілер жоқ.

Ағаштар отырғызылған жерлерге электр қуатын тартып, артезиан ұңғымасын бұрғылауды есептегенде, жоба айтарлықтай шығынды болды.

«Мемлекеттің CAPEX-ті (күрделі шығындар) төмендететін, инвестициялық шығындарды төмендететін айқын бағдарламасы болу керек.

Бұл өте маңызды. Егер де біз көшеттерді шет елдерден сатып алып отыратын болсақ, бізде талғау, бәсекелі орта болмайды. Сапалы вируссыз көшеттер үш есе қымбат тұрмайды, себебі, оның өзіндік құны айтарлықтай жоғары емес. Бізде тамшылап суаруды өндіру, ол тіпті жай ғана құрастыру болсын, ол өзімізде: өз материалдарымызбен, қызмет көрсетуімізбен және т.б. болмайынша, өзіміз бетон бағаналар (шпалерлер) мен торларды, ал оларды жасау айтарлықтай қиын емес, өндіріп және шығысты төмендетпейінше болмайды», - дейді Райымбек Баталов.

Raimbek бақтарын қаржыландыру «Қазагрофинанс» компаниясының қайтарылма (кері) лизинг үлгісі бойынша жасалды– ұйым өз мүлігін (өндіріс жабдығы, арнайы техника немесе көлік) лизингтік компанияға сатады да, келісім шарт талаптары бойынша, сол жабдықтарды жалға алу туарлы шартқа бір мезгілде отыратын қаржы операциясы. Ол кезде, ауылшаруашылығы жобаларын қаржыландырудың мұндай үлгісі алғаш қолданылған болатын.

«Біз ауылшаруашылық министрлігімен бірігіп, қайтарылма лизингі үлгісі қалай жұмыс істейтіндігін есептеп, айтып берген болатынбыз. Содан, өзіміздің нақты ісімізбен дәлелдедік. Біз кепілдік мәселесі, меншіктік капитал мәселесі бар екенін және бұл үлгі жарым-жартылай шешетінін жақсы түсінеміз», - деп айтты Райымбек Баталов.

Бүгінде қайтарылма лизингінің үлгісі мемлекет тарапынан ауылшаруашылық аумағындағы жобаларды қаржыландыруда табысты қолданылып жүр.

Raimbek бақтарынан түскен алма өнімдерінің бір бөлігі, алмалар мен қызанақтарды ұқсатумен айналысатын жергілікті, Есіктегі жеміс сүрлеу зауытына жіберілді.

Қызанақтар да, Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданында өсірілген. Зауытта алма мен қызанақтан қойылтылған езбе жасалып, зарарсыздандырылған вакуумдық қаптамада жабылып, Алматы алмасы және Есік қызанағы Juicy шырындарын өндіру үшін, Raimbek Bottlers зауытына жіберіледі.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342945-almaty-almasy-men-esik-qyzanaghy-end.html