RU

"Кешью" тобының әншісі Ақбота өзінің сүйіктісін көрсетті (фото)

"Кешью" тобының топтан кеткен әншісі Ақбота Сейітмағамбет "атышулы" сүйіктісін көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Кешью" тобының әншісі Ақбота Сейітмағамбеттің топтан кететіні және оның тұрмысқа шығатыны белгілі болғаннан соң, оның өміріне деген қызығушылық арта түсті. Өзінің өнердегі әріптесі, үш баланың әкесі Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығатыны туралы өсек-аяң тарап кеткен соң, желіде оның атынан ашылған жалған парақшалар көбейе түсті

Онда түрлі ақпараттар мен мәлімдемелер жарияланып, Ақбота айтты-мыс деген пікірлер арта түсті. Ақботаның жеке парақшасын бұзып, онда басқа біреу отырады екен деген сөздер де көбейді.

Жуырда сондай жаңадан ашылған парақшалардың бірінде Ақботаның белгісіз жігітпен түскен суреті жарияланды.

Суреттің тұсында "Енді жасырудың қажеті жоқ" деп жазып қойған. Бұл парақша шын мәнінде Ақботаға тиесілі ме, жоқ па - ол жағы белгісіз.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз қайтыс болды (фото)

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Алматылықтар жаңа жылды көктемгі көңіл күймен қарсы алады

Еріктілер: Алматыда жоғалған курсант полициядан қасақана қашып жүр

Зұлым кейіпкерге ұқсағысы келген жігіт мұрнының ұшын кесіп тастады

Жомарт ата-ана қызының туған күніне 1 миллион қонақ шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1342999-keshyu-tobynynh-anisi-aqbota-ozininh-suy.html