RU

Белсенді блогер Қыдырәлі мен Қарақатты "Тоқал" фильміне шақырды

«Тоқал» фильмін сынға алған шымкенттік тұрғын әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановқа аталған туындыны көруге кеңес берді, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Көпшілік назарына кешегі күннен бастап көрсетіле бастаған «Тоқал» фильмі жұртшылыққа жақпай қалды. Тіпті кино туындыны қазақ ұлтын мазақ ету үшін түсірілген деп сынағандар да табылды.

Шымкенттік блогер Айгүл Орынбек аталған фильмді Қыдырәлі мен Қарақат көруі қажет деп есептейді. Бұл туралы ойын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.

«Қазақтың еркектерін ез, қазақтың əйелдерін жезөкше етіп көрсететін фильмді кім қаржыландырып отыр екен? Қай қазақтың бəйбішелері еркегім тоқал алды деп, жас жігіттермен қыдыруға шабатын еді? Ал бұл кино да солай екен жас жігіттерді шақырып бəйбішелер демалады. Ал тоқалды сомдаған қазақтың қызы тырдай жалаңаш шешініп қос анарын көрсетіп, төсекте жатқанын бүкіл əлемге паш етеді. Жалпы режиссер халыққа не айтқысы келді екен? Ата-бабамыздың, бəйбіше болған аналардың қадір-қасиетін жер қылу ма? Қыдырəлі мен Қарақат барып көрсін осы киноны! Билетін өзім алып беремін!» деп жазды блогер. Оның фильм туралы бұл пікірі өзгелердің де қолдауына ие болды.

Еске сала кетейік, мамыр айында танымал әнші Қарақат Әбілдина күйеуі Қыдырәлі Болмановқа тоқал әперетінін айтып, көпшілікті таң қалдырған болатын. Жуырда ғана продюсер әрі әнші Болманов бұл шарасыздықтан жасалынған маркетингтік қадам екенін жайып салды.

Продюсердің сөзіне сенсек, жер дауы өршіп тұрғанда бұл мәлімдеме арқылы олар халықтың назарын өзге мәселеге бұруды жөн санаған.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз қайтыс болды (фото)

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Алматылықтар жаңа жылды көктемгі көңіл күймен қарсы алады

Еріктілер: Алматыда жоғалған курсант полициядан қасақана қашып жүр

Зұлым кейіпкерге ұқсағысы келген жігіт мұрнының ұшын кесіп тастады

Жомарт ата-ана қызының туған күніне 1 миллион қонақ шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1343014-belsendi-bloger-qydyrali-men-qaraqat.html