RU

Жақсыбеков Тоқаевқа: Сіз Астанаға жуынуға келдіңіз бе?

Парламент cенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға көшіп келген уақытта басынан өткізген қызықты оқиғаны еске алды, деп хабарлайды Baq.kz.

Интернетте парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековке қатысты қызықты видео жарияланды.

Роликте Қасым-Жомарт Тоқаев парламент Астанаға қалай көшіп келгенін есіне алады. Ол кезде бас қаланың әкімі Әділбек Жақсыбеков болатын.

«1997 жылы осында көшіп келдік. Мен «Ишим» қонақ үйіне тұрақтадым. Қонақ үйдің қазіргі атауы «Есіл». Біраз уақыт өткеннен кейін қонақ үйдегі су тоқтап қалды. Ыстық су жоқ, ал суық су (краннан – ред.) әлсін-әлсін ағып тұр. Мен Әділбек Рыскелдіұлына (Жақсыбеков – ред.) телефон соқтым. Әдеке, қонақ үйде су жоқ дедім. Осыған дейін басқалар да осы себепті хабарласқан болуы керек. Ол маған: «Сіз мұнда жуынуға келдіңіз бе?», - деп жауап берді», - деп есіне алды сенат төрағасы.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз қайтыс болды (фото)

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Алматылықтар жаңа жылды көктемгі көңіл күймен қарсы алады

Еріктілер: Алматыда жоғалған курсант полициядан қасақана қашып жүр

Зұлым кейіпкерге ұқсағысы келген жігіт мұрнының ұшын кесіп тастады

Жомарт ата-ана қызының туған күніне 1 миллион қонақ шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1343102-zhaqsybekov-toqaevqa-siz-astanagha-zhuy.html