RU

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай "Алтын алқа" иегерлері 50 мың теңге сыйақы алады

Алматыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай бірқатар тұрғындар сыйақы алатын болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Алматының әлеуметтік  жобалар мен жұмыспен қамту басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

50 мың теңгелік біржолғы әлеуметтік көмек Алматының келесі санаттағы тұрғындарына беріледі: 

1) Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен оған қатысушылар;

2) Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен оған қатысушылардыкіндей жеңілдіктерге ие тұлғалар;

3) Ұлы Отан соғысында күйеулері қаза болған немесе із-түзсіз жоғалған жесірлер (қайта тұрмыс құрмаған болса ғана);

4) арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын 1 және 2 топ мүгедектері;

5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрынырақ "Батыр ана" атағына ие болғандар, I және II дәрежелі «Материнская слава» ордендерінің иегерлері;

6) Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар (осы категория бойынша ай сайын мемлекеттік жәрдемақы алып отырған жағдайда);

7) Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызмет үшін бұрынғы КСРО медальдары мен ордендерін иеленген тұрғалар және 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі уақытта кемінде алты ай жұмыс істеген тұлғалар;

8) Чернобыль АЭС апаты кезінде қаза болғандардың отбасы мен оның салдарын жоюдан қаза болғандардың отбасы;

9) мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек алатын отбасылар;

10) 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар;

11) баспаналық көмек алып отырған отбасылар;

12) жарты жылда бір рет 7 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек алушылар;

13) амбулаторлы ем қабылдап жатқан IV дәрежедегі туберкулезбен сырқаттанғандар.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз қайтыс болды (фото)

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Дулат Исабеков баланы аз тууды тапсырған Дариға Назарбаеваға ашынды

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

"Кешью" тобының әншісі Ақбота өзінің сүйіктісін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1343109-almatyda-tauelsizdik-kunine-oray-alt.html