RU

120 жастағы қария ұзақ өмір сүруін бір рет те жыныстық қатынасқа түспеуімен түсіндірді (видео)

Үндістанда 1896 жылдың 8 тамызында дүниеге келген қарт тақуа жыныстық қатынасқа бір рет те түспегенінің арқасында ұзақ өмір сүріп жатқанына сендіруде. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік сайттарға сілтеме жасап хабарлайды.

Өмірінде ешкімге үйленбеймін деп серт берген тақуа бүгінде 120 жасқа келген. Ақсақал Гиннестің Рекодтар кітабына әлемнің ең қарт адамы ретінде тіркелмек. Бұған дейін 2013 жылы 116 жасында қайтыс болған жапон азаматы Дзироэмон Кимура әлемдегі ең қарт адам деп танылған болатын.

Қария ұзақ өмір сүріп жатқанының құпиясымен бөлісті. Оның ойынша, йогамен шұғылдануы, тұздықтар қосылмаған тағам мен жыныстық қатынастың болмауы оның өмірін ұзарта түскен.

"Өзіңді тәртіпке үйрету - өмірдің ең маңызды шарты. Сексуалды өміріңіз, тағамдарыңыз бен жаттығуларыңызды тәртіпке салыңыз. Менің бақытым материалдық құндылықтарға байланбаған. Бұл да ұзақ өмір сүруіме септік болды", - дейді ол.

Бойы 1,58 метрге жететін тақуа өмірінде төсекке жатып көрмеген, жастықтың не екенін де білмейді. Ол еденде тас кірпішті жастық етіп жатады екен.

Ақсақалдан кеңес алу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен азаматтар ағылатын көрінеді. Жергілікті халық оны Гиннеске тіркеліп, өзінің бар екенін бүкіл әлемге жариялауға көндірген.

Тағы оқыңыздар:

"Дінсіздерге" шабуыл жасауға үгіттеген ақтөбелік тұрғын сотталып кетті

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз қайтыс болды (фото)

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Дулат Исабеков баланы аз тууды тапсырған Дариға Назарбаеваға ашынды

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

"Кешью" тобының әншісі Ақбота өзінің сүйіктісін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1343306-120-zhastaghy-undilik-taqua-uzaq-omir-suru.html