RU

Жамбыл облысында мас ер адам туған немере қарындасын зорламақ болды

Жамбыл облысында ішімдікке тойып алған азамат өзімен көршілес тұратын туған бауырының 10 жастағы қызын алдап үйіне кіргізіп, зорламақ болған. Ол қызды шешінуге көндіріп, жанына жатып, оған қалаған нәрсесін орындауға уәде беріп тиісе бастаған деп хабарлайды NUR.KZ соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының мәлімдеуінше, жағдай 2016 жылдың 27 шілдесінде сағат 16:30-да орын алған.

«Ішімдікке тойып алған сотталушы өзінің туған бауырының қызын алдап үйіне кіргізіп, оның әлсіздігін пайдаланып, шешінуге мәжбүрлеген. Содан соң, оны жанына жатқызып, дыбыс шығармауын талап еткен», - дейді баспасөз қызметі.

Педофилдің арамза ойы іске аспай қалады. Жұмыстан үйге қайтып келе жатқан қыздың анасы жол-жөнекей сол үйдің есігінің алдынан қызының аяқ-киімін көзі шалып, сол жаққа бұрылады. Қайнысының қылмысты әрекеті әшкере болған.

«Кәмелетке толмаған қызды жәбірлемек болған сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады», - дейді сот.

Сондай-ақ, сотталушыға өмір бойы бала тәрбиесіне байланысты қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

"Дінсіздерге" шабуыл жасауға үгіттеген ақтөбелік тұрғын сотталып кетті

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз қайтыс болды (фото)

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Дулат Исабеков баланы аз тууды тапсырған Дариға Назарбаеваға ашынды

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

"Кешью" тобының әншісі Ақбота өзінің сүйіктісін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1343365-zhambyl-oblysynda-mas-er-adam-tughan-nem.html