RU

Қазақ тілінде жүргізілетін сот істері 25 жылда 25 пайызға да жетпеген

Ширек ғасырда мемлекет тарпынан ана тіліміздің керегесі кеңіп, аясы кеңеюі үшін барынша жағдай жасалды. Алайда, сот саласында қазақ тілінде жүргізілетін істердің саны көңіл көншітпейді деп хабарлайды "Қазақстан" арнасы.

Мәселен, былтырғы дерек бойынша 20,5 пайыз ғана болса, биылғы 9 айдағы көрсеткіш 17 пайызға жетер-жетпес қана. Бұл сан «қазақшадан гөрі орысша оң жамбасымызға келеді» дейтін бұқарадан бастап, салаға қатысы бар мамандардың барлығын ойлантуға тиіс.

Мемлекеттік тілде жүргізілетін сот істері 25 жылда 25 пайызға да жетпеді. Биылғы 9 айда қазақ тілінде 12 пайыздан сәл астам азaматтық істер қаралған. Ал әкімшілік істер 32,3 % болса, ең көп қаралған қылмыстық істер 37 пайызға жетеқабыл.

Барлығын жинақтасақ 16,7% яғни 17 пайызға да жетпейді.

Тағы оқыңыздар:

"Дінсіздерге" шабуыл жасауға үгіттеген ақтөбелік тұрғын сотталып кетті

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз қайтыс болды (фото)

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Дулат Исабеков баланы аз тууды тапсырған Дариға Назарбаеваға ашынды

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

"Кешью" тобының әншісі Ақбота өзінің сүйіктісін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1343455-qazaq-tilinde-zhurgiziletin-sot-ister.html