Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық косметика өнімдерінің басты артықшылығын білесіз бе?

Опубликовано:

Қыз-келіншектер үшін бет сұлулығы мен сымбатын сақтау күн тәртібінен түспейтін мәселе. Қымбат кремдер мен түрлі қоспалар ай сайын арулардың әмиянын біршама азайтып тастайтыны түсінікті.

Әлемдік брендпен өндірілетін тауарлардан бөлек, Ресей мен Беларусьта дайындалатын косметикалық өнімдер бүгінде біздің нарықтың басым бөлігін жаулаған. Ал түрлі дүкендердің сөресінде самсап тұрған косметикалар қатарынан өз өнімімізді іздеп көрдіңіз бе?

NUR.KZ тілшісі еліміздегі бірегей косметикалық өнімдерді дайындайтын «Биотон» компаниясының зертханасынымен танысып қайтты.

«Биотон» компаниясы отандық нарыққа осыдан 18 жыл бұрын келді. Елімізде әлі күнге дейін косметикалық тауарлар дайындау әдісі жолға қойылмағанын ескерсек, осыдан 18 жыл бұрынғы жағдайды бағамдай беруге болады.

Компания директоры Александр Рябцовскийдің айтуынша, «Биотон» өз қызметін бастағанда зертханада небары 2-3 адам жұмыс істеген. Табиғаты ерекше, емдік шөптері мен шипалы суы мол елдің осынша байлығы игерусіз жатты. Ал отандық косметиканы өрге сүйрейміз деген ат төбеліндей топ шамасы жеткенше осы олқылықтың орнын толтыруға тырысқан еді.

«Біз өзіміздің өнімді дайындау керектігін түсіндік. Батыспен бәсекелесе алатын, әсері ерекше және бағасы қолжетімді косметика дайындауды қолға алдық. Сол үшін еңбектеніп бастаған едік, әлі күнге дейін тұтынушыларды қуантуға тырысып келеміз», - дейді компания директоры.

Әдетте, қыз-келіншектер шеттен келетін танымал брендтің өнімін сатып алуға құмар. Алайда, бет терісіне арналған кремдер мен түрлі ылғалдатқыш қоспалардың адам өмір сүретін климатқа қарай бейімделетінін көпшілік біле бермейді.

Косметика арнайы аймақтың климатына, табиғаты мен ауасына бейімделіп жасалады. Мысалы, Алматы қаласы жоғары таулы және қатаң континентальды аймақ болып есептеледі. Сондықтан «Биотон» компаниясы барлық өнімдерін тап осы климатқа сай етіп дайындайды.

Ал косметикалық тауар өндіретін шетелдік компаниялардың бұл талапты сақтай бермейтіні белгілі. Мәселен, әйгілі брендті компания шығарған кремді 40 градус ыстықта өмір сүретін африкалықтар да, 40 градус салқында күн кешетін чукоткалықтар да қолдануы мүмкін. Бұл өз кезегінде теріге жақсы әсер бере қоймайды.

«Биотон» компаниясының басты ерекшелігі – косметикаға елімізде өсетін дәрілік шөптер мен табиғи майларды көптеп қосуында.

«Осыдан 18 жыл бұрын гиалурон қышқылын пайдалану көп ешкімнің ойына келген жоқ. Қышқылды шетелден сатып алу тым қымбат еді. Жаңадан ашылған компания үшін мейілінше шығынды азайту керек қой. Сондықтан, гиалурон қышқылын өзіміз дайындай бастадық. Яғни, біз бұл қышқылды қораздың айдарынан өндірдік. Әрине, бұл өте қиын процес болғандықтан, ауыртпалық кездесті. Әйтсе де, еңбегіміз еш кетпей, жақсы өнім алдық», - дейді «Биотон» компаниясының директоры Александр Рябцовский.

«Биотон» өнімдеріне СО 2 сығындыларын қосу компанияда дайындалатын өнімдердің сапасын одан әрі арттыра түсті. Бүгінде «Биотон» компаниясының Алматыдағы арнайы зертханасында 70-ке жуық крем, лосьон, қоспалар мен маскалар дайындалады.

Әсіресе, халық арасында «Биотон» маскаларына деген сұраныс көп.

Мұндағы маскалар арнайы екі пакетте дайындалады. Бір пакетте түрлі емдік табиғи шөптердің қосындысы болса, екінші пакетке гель немесе крем салынған. Шөпті кремге араластырып, бетіңіз бен мойныңызға жағуды әдетке айналдырсаңыз, теріңізді жасарып, ылғалданып, жақсара түскенін байқайсыз.

«Биотон» компаниясының зертханасы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Қазіргі таңда мұнда он адам жұмыс істейді. Компания басшысының айтуынша, өз ісінің шебері, косметолог әрі технолог Татьяна Ширина бастаған мамандар қыз-келіншектерге қажетті кремдерді дайындауда аянып жатқан жоқ.

Бүгінде «Биотон» компаниясының өнімдеріне дәріханалар мен косметика дүкендері сұраныс көп түсе бастаған. Зертханаға іздеп келетін тұрғындардың санында да шек жоқ. Компания басшысы тұрғындарды таза әрі табиғи косметикалық өнімдерді алыстан іздемей, өзімізден табуға шақырды.

 

Жақында "Халық маркасы" сертификатын алған компания өз өнімдерінің ел арасында бұдан да үлкен танымалдыққа ие болатынына сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1343458-otandyq-kosmetika-onimderininh-basty/

pixel