RU

Астанада баланы құтқару үшін өз өмірін құрбан еткен азамат марапатталатын болды

"Халық сүйіктісі" ұлттық марапаттауының аясында "Ер жүрек" сыйлығы Астана-Щучинск тас жолында өз өмірін құрбан еткен Құмарбек Жәкетайдың туған-туыстарына беріледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірнеше күн бұрын Ақмола облысында тас жолда жойқын көлік апаты орын алды; ер адам зардап шеккендерге көмектесемін деп өзі де ажал құшты.

"Бұл өте құрметті марапаттау. Осымен үшінші жыл ұсынылып отыр. Бірінші жылы өрт сөндірушіге берілді, екінші жылы – депутат Бақытбек Смағұловқа ұсынылды. Биылғы жылы кімге ұсынарымызды ойланып жатқанда, қайғылы оқиға орын алып, әділ қазылар бір ауыздан шешім қабылдады. Бұл сыйлықты Құмарбек Жәкетайдың отбасына ұсынғымыз келеді. Сондай-ақ, аукционнан түскен қаражаттың бір бөлігін марқұмның жанұясына береміз", - деп хабарлады марапаттау ұйымдастырушысы Ғалым Байтүк.

Тағы оқыңыздар:

"Дінсіздерге" шабуыл жасауға үгіттеген ақтөбелік тұрғын сотталып кетті

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз қайтыс болды (фото)

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Дулат Исабеков баланы аз тууды тапсырған Дариға Назарбаеваға ашынды

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

"Кешью" тобының әншісі Ақбота өзінің сүйіктісін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1343492-astanada-balany-qutqaru-ushin-oz-omiri.html